«Көшбасшы педагог 2019» жеңімпазы

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді.

Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң білім алады. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс–табыс биігіне жеткізетін қанат.

Абай атамыз айтқандай «Неге арналсаң, соны істе» – деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау.

Осындай мамандықты таңдай білген «Балауса» бөбекжай балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі Күльзинеп Зұлғарқызы Хасенова. Бұл тәрбиеші өзінің  алғашқы жұмысын осы балабақшада тәрбиешісінің көмекшісінен бастап, тәрбиеші мамандығына дейін көтерілді. Қазіргі таңда ол  өзінің әріптестеріне жаңа инновациялық, әдістемелік көмек беріп, оларға мейірімділікке, шыдамдылыққа, кешіре білуге бағыт беріп келеді. Балабақша   ішілік  және қалалық іс-шараларға белсенді түрде қатысып тұрады. Түрлі сайыстарға, интернет конкурстарға қатысып, алған жүлделері де көп. Сондай-ақ, жақында «Көшбасшы педагог 2019» І Халықаралық партфолио сайсына қатысып, Нұрсұлтан қаласында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясы» қоғамдық қорының төрағасы Төремұратов Талғат Мұқанбетұлынан   Алғыс хат, «Көшбасшы педагог 2019»  Ұлттық Сертификат және «Алтын қанат» төсбелгісімен марапаталды. Осынау жоғары жетістігімен құттықтаймыз!

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт- дейді, Күльзинеп Зұлғарқызы себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды – дейді. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты.

Тәрбиешілер  елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі  сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Абай. Олай болса әріптестер жас ұрпаққа  мейірім шапағатпен, еңбекке баулу мен  қоса Отанға деген, Ана  тілге деген, жас ұрпаққа деген  махаббатын нығайта отырып, оларға тура бағыт бағдар  беру біздің тікелей міндетіміз болып табылады.

«Балауса» бөбекжай балабақшасының ұжымы

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.