Алғашқы музыкалық білімді Рудный музыкалық колледжінен алса, кейін білімі мен біліктілігін толықтыру мақсатында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын да ойдағыдай аяқтаған.
Марат осыдан он жыл бұрын ауданымызға табан тіреген жас маман. Кәсіби дирижер, саф дауысты әнші, білікті ұстаз бүгінде аудан жұртшылығыменен қоса облыс көлеміне де өз еңбегімен танылып келеді.
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дегендей Марат Сергеевичтен тәлім-тәрбие алып жүрген шәкірттерінің бірқатары тамаша нәтижелерімен қуантып келеді.
Атап өтсек Полина Ишекова аудандық «Айгөлек» байқауының жеңімпазы, жуырда өзі білім алып жүрген Өнер мектебінің сахнасында жеке концерттік бағдарламасын ұсынды. Матвей Бурда аудандық «Меңдіқара дауысы» жобасының жеңімпазы, облыстық «Алтын микрафон» балалар вокалдық байқауының финалисті.
Марат Сергеевичтің алдынан сабақ алып, Өнер мектебіне келіп жатқан балалардың саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы вокал бөлімінде үш топта 51 бала, балалар хорында екі кезекте 42 бала музыкалық білім алуда.
Ұстаздық қызметте әрдайым өзін кәсіби тұрғыдан дамыту мен түрлі вокалдық байқауларда бақ сынап, өз-өзіне талап қоя білетін ол талай аудандық, облыстық, аймақтық байқаулардың лауреаты.
Өмірлік серігі Ажар да өнерден құр алақан емес мамандығы басқа болғаныменен әуелете ән салғанды жаны сүйеді. Бірнеше мәрте отбасылық дуэт ретінде аудандық іс-шараларда ән салып қалың тыңдарманның қошеметіне де бөленіп келеді. Ата-анасы балабақша табалдырығын енді аттаған кішкентайлары Эсмираның да балашақта өнер жолын таңдап жатса қарсы болмайтындықтарын айтады.
1 қазан – Халықаралық музыка күнінде біз де Өтегеновтар отбасына шығармашылық табыс тілеп, өнерлеріңіз өрге жүзсін демекпіз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
This website uses cookies.