Келген 2020 жылымыз мерейлі оқиғаларға толы жыл болмақ

Ұлы Отан соғысының 75 жылдық Жеңіс тойы, Ата заңымызға 25 жыл, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Алтын Орданың – 750 жылдығы, Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы секілді атаулы шаралар рухани қазынамызды байытары анық. Бұлардың барлығы халқымыздың мақтанышы, жастарға үлгі.

Сонымен бірге Меңдіқара ауданының құрылғанына 90 жыл толмақшы. Киелі Меңдіқара топырағынан талай атақты ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты. Олардың қатарында қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер М. Қарабаев, Ы. Алтынсариннің шәкірті Ленин орденінің иегері, тұңғыш роман жазған С. Көбеев, ақын Ғ.Жұмабаев, тарихшы ғалым М. Қозыбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері М. Салин О. Қозыбаев, А. Қасымқанов, осы аталған ұлы тұлғалардың ішінде қазақтың тұңғыш антрополог ғалымы Оразақ Смағұловтың орны ерекше.

Биыл 90 жасқа толғалы отырған ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлұлына кеңірек тоқталған жөн болар. «Өнегесіз өсу жоқ» дегендей, жастарымыз біліп жүргені артық болмайды. О. Смағұлұлы Меңдіқара ауданының Қарақоға ауылдық аймағына жататын Ұялысай ауылында 1930 жылдың 1 қазанында дүниеге келген. 1959 жылы ҚМУ (бүгінгі Аль-Фараби атындағы университеті) бітірген. Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым антрополог.

Антропология ғылымының да халқымыздың рухани жағынан өсіп өркендеуіне қосар үлесі аз емес. Оның адам нәсілдерінің шығу тегін, дене құрылысы эволюциясын, өзгеру заңдылықтарын зерттейтіні белгілі.

Оразақ Смағұлұлы өзінің талантымен, дарындылығымен, ұлтжандылығымен, еңбегімен көзге түскен. Ғалымның халқымыз туралы жазғандары бізідң халықтың да басқалардан кем еместігімізді дәлелдейді. Бұл да болса тәуелсіздігіміздің арқасы. Бұрыңғы тарихта түрік халқы, оның ішінде қазақ халқын тарихы кедей халықтар қатарына жатқызып келсе, антропология ғылымы, Оразақ Смағұловтың еңбектері бұрыңғы ойдан шығарылған өтіріктердің күлін көкке ұшырды. Ұзақ жылдар бойы еліміздің барлық өңірлерін аралап, онда тұратын адамдарды зерттеген. Ғалым барлығы 40 жуық экспедицияға қатысқан.

Әсіресе, Оразақ ағамыздың барлық ел өңіріндегі қазақтардың бейнелерін, қан жүйелерін, тіс құрлыстары, тері бедерлері, дәм сезімдеріне дейін зерттеуі, ғылымға қосқан үлкен жаңалық болды. Қазақ деген халық антропологиялық тұрғыдан осыдан 4 мың жылдан бері өмір сүріп келе жатқаны дәлелденді.

Оразақ ағамыз қазір Алматыда тұрып жатыр. 200 астам ғылыми еңбектердің авторы. Біраз еңбектері АҚШ, Жапония, Қытай, Үнді, Түркия, Италия, Германия, Франция, Дания т.б. шет елдерде жарық көрді. О. Смағұлұлы көптеген халықаралық, мемлекеттік сыйлықтардың иегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Міне, осы ағамыздың биыл мерейлі тойы. «Ерім деген елі» бар екенін білдіру біз үшін парыз. Бұл турасында ел азаматтарының да өтініштері бар екенін айтуға тиіспіз. Түйіні Оразақ Смағұлұлы ауданымыздың «Құрметті азаматтарының» қатарынан орын алса деген ұсыныс.

Аудан басшылығы, мәслихат бұл ұсынымызды қостар деп ойлаймыз.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Есет Көбеков

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

3 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

5 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

3 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

3 недели ago

This website uses cookies.