Кез-келген індеттен қорғанудың, алдын алудың бірден бір жолы – вакцина

Ақпан айынан бастап Қазақстанда короновирусқа қарсы жаппай екпе жүргізу шаралары қолға алынған болатын

Меңдіқара ауданында да COVID-19 короновирус инфекциясына қарсы екпе алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша ерікті түрде короновирус індетіне қарсы 470 адам екпе қабылдады.

Аудандық орталық аурухана меңгерушісі Рудава Жакинаның айтуынша, екпе короновирустық инфекциядан қорғаудың ең тиімді әдісі. Екпе кезең-кезеңмен және тегін жүргізіледі. Вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңде еңгізу керек және вакцинаны өз еркімен, дәрігердің бақылауынан кейін ғана қабылдауға болады. Екпе алмастан бұрын дәрігерлер тарапынан екпенің пайдасы, оның әсері туралы біраз ақпарат беріледі. Аурудың алдын алып, екпе жасатамын деген азаматқа міндетті түрде медициналық тексеру жүргізіліп, дәрігердің қорытындысынан кейін ғана екпе бөлмесіне жіберіледі және екпеден кейін 30 минут дәрігер мен медбикелердің толық бақылауында болуы керек.

Сәуір айының 12-сі күні аудан басшысы Нұрлан Қатарбеков Меңдіқара орталық аудандық ауруханасында елімізде болып жатқан короновирус індетіне қарсы екпенің бірінші компонентін қабылдады. Аудан әкімі аурудың алдын алуда басты қадам жасап, барша аудан тұрғындарын екпе алуға шақырды.

– Мен COVID-19 инфекциясына қарсы екпе қабылдадым. Бұл ең бірінші өзім және жақындарымның денсаулығы мен амандығы үшін жасалған қадам. Сондықтан өз еркіммен вакцина алдым. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болдым. Бұл алғашқы компонент. Короновирус инфекциясын жеңуіміз және алдын алуымыз үшін барша аудан тұрғындарын екпе алуға шақырамын,- деді аудан басшысы.

Бұл күнде аудан басшысымен қатар, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, «Каменскуральское» ЖШС-нің директоры Алғиса Сарбасов және «Меңдіқара 2011» ЖШС-нің директоры Ермағамбет Қиялбеков COVID-19 инфекциясына қарсы алғашқы компонентін қабылдады.

-Короновирус кең көлемде таралмауы үшін және аурудың алдын алу үшін ауыл аймақтарда екпе науқаны өз жалғасын табуда. Менде екпе жасатамын деген шешім қабылдадым. Бірінші дәрігерлердің толық бақылауынан өттім, тексерістен өткеннен кейін екпе алдым. Еш қорқыныш, үрей болмады. Аурухана қызметкерлері екпеден кейін де бізді бақылауға алды. Өз басым ешқандай кері әсерді сезінгенім жоқ. Бүгінде жағдайым да, денсаулығым да жақсы. Жерлестеріме, замандастарыма екпе алудан қорқудың қажеті жоқ, бұл денсаулығымыз үшін жасалып жатқан дұрыс қадам десем, артық айтпаған болармын. Деніміздің саулығы мен басымыздың амандығы өз қолымызда -деді Сайран Балкенұлы.

Елімізде короновирустің таралу қаупі азаяр емес. Өткен дүйсенбіде Қостанай облысы қайтадан «сары» аймаққа енген болатын. Індетті болдырмай, короновирус инфекциясының алдын алу үшін сақтық шараларын қатаң ұстанып, санитарлық талаптарға бағынып, вакцина қабылдағанымыз жөн. Жарқын болашағымыз үшін, денсаулығымызды басты назарда ұстайық.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

2 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

2 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

3 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

6 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажки -…

7 дней ago

This website uses cookies.