Ұлттық дәстүрді дәріптеп, талайға үлгі болған отбасы – Досановтар жанұясы

Халқымыз қашанда жылқы малын ерекше бағалаған. Ерттеп мінсең – көлік, еті – тіл үйірер тағам, балдай қымызы – шипалы сусын. Қымыз тек ұлттық сусын емес, емдік қасиетімен де көпке белгілі. Шөліңді қандырып, емдік қасиетімен көпке таныс бұл сусынды қазақ халқы жақсы білгенімен, дайындау түрін біле бермейді.

Ал, татулығы мен достығы жарасқан Байқожа ауылының тұрғындары Еркебұлан мен Ақжібек Досановтар бие байлап, қымыз баптап нағыз еңбектің көзін тауып отырған жандар. Отыз жыл отандасқан бұл отбасы нағыз еңбек адамдары деп айтсақ қателеспейміз. Отағасы Еркебұлан ағай мал шаруашылығымен айналысса, Ақжібек жеңгеміз талай  жылдан бері қымыз баптап келеді. Бұл еңбектің қыр-сырын енесі Ақыл әжейден меңгерген екен.

Бұгінде бұл шаңырақтың дастарханын ұлттық сусынымыссыз елестету мүмкін емес. Ауылдастары мен туған-туыстары бал татыған қымыздан дәм татып, ыстық күндері шөлдерін қандырып, отбасының адал еңбектеріне береке тілеп жататын көрінеді.

– Ауылда тұрғандықтан еңбек етпеу мүмкін емес. Нағыз еңбектің қайнаған көзі ауылда. Еңбек етемін деген жанға әрқашанда кәсіп табуға болады. Қол қусырып отырмай бізде еңбек етуді жөн санаймыз. Кезінде енемнің де қымызынан талайлар дәм татыған. Бүгінде менде шипалы сусынды көпке ұсынып жатамын. Ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып  жататын жандар  жетерлік. Кезінде енемнің де қымызынан талайлар дәм татыған. Бүгінде қолданып жүрген піспегім маған енемнің енесінен, ұлы енемнен жеткен мұра десем артық айтпаған болармын. Көзімнің қарашығындай сақтап келемін. Аналарымыздың жолын жалғау біздің үлкен парызымыз. Бәрі де ниетке байланысты, – дейді Ақжібек Досанова.

Ақжібек жеңгеміз ауылдас, замандас қыз-келіншектерге үлкен өнеге көрсетіп отыр. Күбесін ыстап, күніне жеті  мезгіл биесін байлап көптің алғысына бөленуде. Оның қолынан шыққан май-қаймағы, ірімшігі, құрты да тілдің дәмін үйіреді. Жасаған ісін үлкен берекемен істейтін жанның дастарханы аққа, шаңыраға жылулық пен мейірімге толы. Отағасы екеуі талай қызық-қуанышты бірге бастан өткерген жандар. Бүгінде ауылдағы үлкен қара шаңыраққа иелік етіп, шаңырақтың берекесін келтіріп отыр. Ақжібек пен Еркебұлан Досановтар қос перзентті тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана.

Алғаш қуаныштары, тұңғыш қыздары Әлия жоғары оқу орнын тәмәмдәп, бүгін өз алдына отбасын құрған екен. Анасының жақсы тәрбиесін алып, бір шаңырақтың келіні атанып отыр. Тұңғыштарының Елнұр атты кішкентайы да ата-әжесінің адал еңбектерін үлгі тұтып, өсіп келеді. Ұлдары Жалғас болса, бүгінгі күнде білікті маман атанып ата-анасына қуаныш сыйлауда.

Құндылықты дәріптеп, үлкен еңбектен береке тауып отырған шаңыраққа молшылық, қуаныш тілей отырып, кейінгі ұрпаққа өнеге болғандары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

На шиномонтажных сервисах Мендыкаринского района в минувший понедельник наблюдался ажиотаж

Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)

4 часа ago

Милана Джафарова признана лучшим интервьюером сельскохозяйственной переписи по Мендыкаринскому району

20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…

12 часов ago

В райцентре открылась кофейня, аналогичных которой в Мендыкаринском районе нет

Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)

1 день ago

В Сосновской школе Мендыкаринского района действует отряд юных помощников полиций

Направление играет ключевую роль в формировании правовой культуры, профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и поддержании порядка…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе продолжается работа по установке датчиков дыма социально-уязвимым слоям населения

В первую очередь сотрудники отдела по ЧС устанавливают датчики угарного газа – многодетным семьям. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданының тұрғыны Роза Сағындықызы өмірінің 30 жылын кітапхана саласына арнаған

Бұл мереке – қоғамның рухани байлығын арттырып, білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген…

2 недели ago

This website uses cookies.