Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ауданымызда көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілуде

Қазақтың алғашқы қоңырауын соғып, баларды оқуға шақырған қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы.

Осыған орай наурыз айының 4-і күні Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатында «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» атты келелі іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға белгілі ақын, ыбырайтанушы Серікбай Оспанов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Күлзада Мырзағалиева, пофессор, философия ғылымдарының докторы Қалқаман Жақып және Дәмеш Жақып қатысты.

Шара барысында Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Марлен Сандыбеков кеш қонақтарын айтулы мерейтоймен құттықтай отырып, Меңдіқара ауданы әкімінің атынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар табыс етті.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі мен ғылым саласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері Серікбай Оспанов жиылған жұртшылыққа ақ тілегін айтып, ұлт мақтанышы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары мен өмір жолы жөнінде айтып өтті.
Кеш ұйымдастырушысы, тіл жанашыры, Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернатының ұстазы Алтыншаш Есетова Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткізіліп жатқан жұмыстарымен бөлісіп, барша қауымға ризашылығын білдірді және өзінің шығарма өлеңін оқыды.

– Даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл екендігі барлығыңызға белгілі. Айтулы мерейтойды кеңінен атап өтуі мақсатында, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бүгін келелі іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз қазақ халқының алғаш қоңырауын соққан ұлы ағартушымыздың салған сүре жолын зерделеу. Бүгінгі таңда осы орайда игі істердің атқарылып жатқандығы көңілді қуантады,- деді Алтыншаш Есетова.

Жерлесіміз, профессор Қалқаман Хасенұлы да халық алдында сөз сөйлеп, Ыбырай Алтынсарин жайлы көптеген тың ақпараттар айтты. Мағынаға толы келелі кездесудің, дөңгелек үстелдің ұйымдастырушыларына зор алғысын, дән ризашылығын білдірді.

Меңдіқара аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есет Көбеков халық алдында сөз алып, кеш қонақтарына ақ жарма тілегін білдірді. Іс-шара мектеп-интернаты оқушыларының дайындаған мерекелік концертіне ұласып, балалар өздерінің тамаша өнерлерін көрсетті.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Следующая, юбилейная XL областная Спартакиада пройдет в Мендыкаринском районе

В этом году команда нашего района приняла участие в XXXIX областной Спартакиаде в Аркалыке, заняв…

5 часов ago

Мендыкаринец преподнес в дар храму Боровского старинную икону Пресвятой Богородицы

Возвращение на малую родину спустя 30 лет для жителя Германии Владимира Долгаймера стало не просто…

1 день ago

В Мендыкаринском районе вновь чествовали многодетных матерей

В торжественной обстановке жительницам района вручили государственные награды - подвески «Алтын алқа» и «Күміс алқа»,…

1 день ago

Жители улицы Лесхоз жалуются на состояние дорожной инфраструктуры и требуют внимания властей

Жители улицы Лесхоз бьют тревогу из-за состояния дорожной инфраструктуры. (далее…)

2 дня ago

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

6 дней ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

6 дней ago

This website uses cookies.