Ұлық мереке аталып өтті

Қасиетті Құрбан айт мейрамы – ең ұлық мерекелердің бірі

Барша мұсылман халқы осы қасиетті мерекені барынша сән-салтанатымен атап өтуге тырысады.

11 тамыз күні Меңдіқара аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінде аудан жұртшылығы асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мерекесін атап өтті.Айттың алғашқы күнінде қасиетті мерекеге орай мешіттің бас имамы  Еркебұлан Қошан айт намазын оқыды. Бұл күнде  мешіт ғимаратында жақсы уағыз-насихаттар, ізгі тілектер   айтылып жатты. Құрбандыққа шалынған қара мал және үш қойдың еті мұқтаж жандарға таратылды.

Ағайын арасын жақындастырған, барша мұсылманның асыға күтетін мейрамында мешіт төрінен ақ дастархан жайылды. Боровской селосының әкімі Серік Мусапиров жамағатқа ақ тілегін айтып, құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Қасиетті мереке күні жамағат мәре-сәре болып, ерекше ықыласқа бөленді.

Өз тілшіміз

Редактор

Recent Posts

Меңдіқара ауданында Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

13 ақпан күні аудан тұрғындары мен Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл…

5 дней ago

Коммунальные службы Мендыкаринского района продолжают работу по расчистке и вывоза снега

Все спецслужбы района с начала текущего года выполняют свои обязанности в полной мере. (далее…)

1 неделя ago

В Боровском состоялось открытое районное первенство по лыжным гонкам

Его посвятили памяти ветерана спорта Бориса Лискова (далее…)

2 недели ago

Автопарк Боровского учреждения лесного хозяйства пополнился 10 единицами специализированной техники

На прошлой неделе ключи руководству  Боровского лесхоза торжественно вручил аким области Кумар Аксакалов. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.