Меңдіқара ауданының оқушылары республикалық чемпионаттың жеңімпазы атанып, Түркия еліне жолдама ұтып алды

Ақпан айының 7-8 ақпан күндері Астана қаласында Astana Tech Cup аясында өткен «Fibonacci Robot Olimpiad» работотехника бойынша республикалық чемпионат өз мәресіне жетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылар қатысқан бұл білім додасы жас өнертапқыштардың шеберлігі мен ізденісін айқындады.

Аталған чемпионатта FootBot mBot League 5-8 сыныптар санаты бойынша Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясының робототехника үйірмесінің оқушылары Диас Қарабек пен Болатбек Дүненбаев жүлделі 1 орынды иеленіп, Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өтетеін Халықаралық жас робототехниктер жарысына жолдама ұтып алды.

Жеңіс тұғырына көтерілген жас робототехниктердің бұл жетістігі – жүйелі еңбектің, табанды ізденістің және білікті жетекшіліктің жемісі. Оқушыларды байқауға дайындаған жетекші – жас маман Нұрдаулет Мәлік. Ол қысқа уақыт ішінде шәкірттеріне тек техникалық білім емес, сенім мен мақсатқа ұмтылудың маңызын ұғындыра білді.

-Жас маман Нұрдәулет Сабитұлы – заман талабына сай ойлайтын, болашаққа бағдар бере алатын жаңашыл ұстаз болып қалыптасып келе жатқанын дәлелдеуде. Тынымсыз еңбектің арқасында қос шәкірті Астана төрінде халықаралық жарысқа жолдама ұтып алды. Жас маман мен оқушылардың республикалық жарысқа қатысуына өз қолдауы мен көмегін тигізген аудандық білім бөліміның басшысы Гүлдана Ахметова  мен мектеп басшысы Кемер Дамирұлына өз алғысымызды білдіреміз, – дейді басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Дүйсенбаева

Жас робототехниктердің бұл жеңісі – мектеп ұжымы мен ата-аналар үшін үлкен мақтаныш. Алдағы халықаралық жарыста да Диас пен Болатбек еліміздің абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.

Ақжан Байтұрсынова

суреттер мектеп тарапынан ұсынылды

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

3 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

3 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

4 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

6 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

7 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажки -…

1 неделя ago

This website uses cookies.