Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты аудандық байқауын онлайн режимінде, әлеуметтік желіде #Меңдіқаратілдердіоқытуорталығы хештегімен қашықтан өткізді.
Онлайн байқауға аудан тұрғындары және мекеме қызметкерлері, Қостанай қаласы және Рудный қаласы оқу орындарының студенттері, барлығы 19 қатысушы өтінім берді. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Жас әлем» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Әсемгүл Хасенова, І орынды Қарақоға ауылдық округінен ҚМПУ 2-курс студенті Сабина Сакенова, ІІ орынды Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының мұғалімі Алмагүл Ахметқалиева және Первомай орта мектебінің мұғалімі Наталья Богданова тең бөлісті, ІІІ орынды Первомай орта мектебінің мұғалімі Гүлнара Қарабала иеленді.
Ал «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Краснопреснен орта мектебінің мұғалімі Алқар Абзалбек және Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-технкалық колледжінің мұғалімі Айзада Жұмалдина марапатталды, «Абай шығармаларын насихаттаушы» номинациясымен Алешин ауылдық округінің тұрғыны Рыскүл Найманбаева, «Ұлы ақынның қара сөздерін насихаттаушы» номинациясымен Буденнов орта мектебінің мұғалімі Алмагүл Кушукбаева, Қостанай гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Сандуғаш Серікбаева және Введен орта мектебінің кітапханашысы Нұргүл Нуркина марапатталды. Барлық қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)
Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…
Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…
This website uses cookies.