Майдангердің өнегелі өмірі

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы адам баласы тарихындағы соғыстар ішіндегі ең сұрапылы болғаны айғақ

Сол соғыста әкелеріміз жан қиярлық ерліктер көрсетті. Бұл Совет үкіметі елінің қиын күндеріне сәйкес келді. 1921,1931 жылдардағы аштықтар, өнеркәсіптің әлі толық қалыптаспаған кезі еді. Оның үстіне соғысқа дейінгі саяси репрессия, әсіресе 1937 жылғы жаппай ату. Бірнеше жылда атылған 900 мыңдай адамның 600 мыңнан астамы сол бір 1937 жылы құрбан болған. Сол уақытта қызыл әскерді де жаңа қарумен жабдықтамақшы болатын. Осыларға қарамастан соғыстың басынан-ақ, қарапайым жауынгерлер ерлік көрсете білді. Мұндай қарсылықты неміс басқыншылары жаулап алған Европа елдерінде көрмеген еді. Оған Белоруссияның Брест қорғаны сияқты бекіністер, Балтық пен Қара теңіз аралығындағы майдан шебіндегі кескілескен ұрыстар куә.

Сол миллиондаған жауынгерлердің бірі болған әкеміз Меңдіқараның Кеңарал елінің тумасы Бекмухамбетов Зұлқарнай. Ол әскерге 1939 жылы алынып Златоуст қаласы арқылы елдің батыс бөлігінде жүргенде Алексеевка қаласында соғысты бастайды. Бұл Батыс майданының Воронеж бағытында болатын. 1942 жылғы екінші жарасы ауыр болады да 9 айдай Орелде, Қазақстанның Жамбыл әскери ауруханасында, одан еліне келіп жарасын жазады. 1943 жылы қайтадан майданға аттанып 2-ші гвардия танк бригадасының құрамында болады. Солай ауыр шайқастармен Смоленскіні, Воронежді, Орлов облысын, Литваны азат етеді. Жеңісті Берлиннің түбінде қарсы алады. Көрсеткен ерліктері үшін «За отвагу», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне» тағы басқа медальдар мен Бас қолбасшының Алғыс хаттарын алады. 1945 жылы өз елі Кеңаралға келіп ауылшаруашылығында үзбей еңбек етіп, 1975 жылы зейнетке шығады. Әкеміз 2008 жылы 94 жасқа қараған шағында ширақ күйінде дүниеден өтті.

Халықтың соның ішінде қазақ халқының руһының биік те берік,  имандылығының жоғары болғанының себебі ол ерте тарихтан келе жатқан салт-дәстүрінің негізінде туған қасиет. Оған да дәлел әкеміз Зұлқарнай, анамыз Запураның өмірлері. Олар сол ашаршылық жайлаған 1933 жылы қосылып үй болады. Уақыт қиыншылығына қарамай әкесінің немере ағасы Құлмұхамбет қартты қолына алып бағады. Оның үстіне өз шешесі Дойыр, енесі Айқын, немере ағасы Нұрсұлтанның енесін үш қарт кісіні қолға алады. Одан соң өз ағасы Нұрхан 26 жасында қайтқан соң оның 1935 жылы туған қызы Камалды үш жасында бауырларына басады. Одан кейін жиендері апалы-інілі Шәкітай мен Саятайды да қолға алады. Шәкітайды өсіріп қолдарынан ұзатады. Саятайды Қостанайдың техникумында мал дәрігері мамандығына оқытады, бірақ ол оқып жүріп 1952 жылы қайтыс болады. Камалды да жеткізіп тұрмысқа береді, ол 10 баланың анасы атанып балаларын жеткізді. Бертін келе 1988 жылы туған әкесінің інісі Нұрсұлтан көзі көрмей қалғанда 17 жыл қарасты. Өз ағасы Нұрыш ауырып кем болып қалғанда да шөбін шауып, отынын дайындап беріп отырды.

Әкеміз Зұлқаранай мен анамыз Запура өздері де үш қыз, төрт ер баланы тәрбиелеп, өсіріп жеткізді. Сондағы айтайын деген ойымыз қазіргі тыныш, молшылық заманның көзқарасымен қарағанда әке-шешеміз аш-жалаңаш, жоқшылық, үкіметтің теріс саясаты кезінде де қазақ халқының терең түсінікті, өміршең салт-дәстүрінің арқасында жетімін жылатпай, бір-біріне қамқор бола біліп осындай Тәуелсіздік заманға жетті.

Қыздары  Алма Сейдахметова,

Жанекей Бекмухамбетова

Редактор

Recent Posts

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

4 дня ago

Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы…

4 дня ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің…

1 неделя ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

1 неделя ago

This website uses cookies.