Маникюр жасаудың хас шебері – Самал Есмағамбетов

Әйел дегеніміз – сұлулық. Әлемнің бар сұлулығын, бар асылын оранатын – нәзік жандылар қауымы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аруларымызға сұлулық сыйлап жүрген, әдемілікке жаны құмар жан – Самал Есмағамбетованы келіп жеткен мерекемен құттықтап, ерекше еңбегі жайлы жазғанды жөн санадық.

Оның тырнақ әрлеумен айналысқанына екі жылдан астам уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде сұлулыққа жаны құмар Самал еңбегін жүрек қалауымен атқарып, адал еңбектің иесі атанды. Аруларымыз маманның жұмысына жоғары баға беріп, дән риза екендерін де айтып жатады. Бүгінде тұрақты клиеннтерін қабылдап, сұлу аруларымыздың көңілінен шығуда.

Қазіргі таңда нәзік жандылардың қалауы әдемі маникюр жасату. Міне, Самал маникюр жасаудың хас шеберіне айналған нағыз маман десек, артық айтпаған болармыз. Бүгінде өз білімін жетілдіріп, осы іске керекті құрал-саймандарды сатып алып, сәнді маникюр жасауды өз кәсібіне айналдырды.

Бүгінгі күннің ағымына қарай тырнақтың пішіні мен бояудың түрі өзгеріп отыратыны анық. Самал да заман ағысынан қалыспай, әркез заманауи үлгі мен арулардың сұранысына сай жұмыс жасағанды жөн санайды.

– Тұрақты клиенттерімнің қалауына сай тырнақтарын әрлеп, бояуға тырысамын. Жүрек қалауыммен жасағандықтан шығар өзімнің атқарып жүрген ісім көңілімнен шығуда. Маникюрдің түрі көп, пішіні әр түрлі болып келеді және аруларымыздың жасына да байланысты жасауға тырысамын. Келушілерге жоғары деңгейде жасап, көңілдерінен шыққанды қалаймын, – дейді маман.

Барша әлемнің жаршысына айналған сұлулыққа одан әрі шырай келтіріп жүрген Самалдың еңбегі адал. Ол бүгінде заманауи әйелдердің қатарын толтырып, өз напақасын еңбектің арқасында тауып отыр. Еңбегіне жеңіс тілеп, нәзік жанды аруымызды келіп жеткен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.