Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі түрде «Қарлы десант» еріктілер акциясын ұйымдастырып келеді.

Аталған акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға нақты көмек көрсету және жастар арасында еріктілік мәдениетін дамыту.

«Қарлы десант» еріктілер тобы – қоғамның осал топтарына жанашырлық танытып, қыс мезгілінде қиындық көріп жүрген азаматтарға көмек қолын созатын белсенді жастардан құралған ұйым.

Биылғы акция барысында еріктілер Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтың ауласында қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Еріктілер тұрғын үй ауласын және кіреберіс жолдарын қардан таз лап қана қоймай, тұрғынмен әңгімелесіп, оған рухани қолдау көрсетті. Осындай қамқорлық пен жанашырлық аудан тұрғынының алғысына бөленіп, оның көңіліне жылулық сыйлады.

– «Қарлы десант» еріктілер акциясы – біздің волонтер жастарымыздың мейірімділігі мен белсенділігінің айқын көрінісі. Бұл акция тек физикалық көмек көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, оларды мейірімділік пен сыйластыққа тәрбиелейді. Біздің еріктілер Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік – техникалық колледждің студенттермен бірге жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіп, қоғамда жанашырлық пен өзара көмектің үлгісін танытып келеді. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар өз жалғасын табады, – дейді «Жүректен жүрекке» еріктілер штабының басшысы Олеся Марченко.

Аталған акция жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, олардың бойында жауапкершілік, мейірімділік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара қоғамда өзара көмек пен қолдау көрсету мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

«Жүректен жүрекке» еріктілер штабы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қоғамға пайдалы істерге белсенді түрде өз үлесін қоса бермек.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді аудандық жастар ресурстық орталығы ұсынды

Редактор

Recent Posts

46 мендыкаринских ребят проходят срочную воинскую службу в рядах Вооруженных силах РК

С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жағдай тұрақты

Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

3 недели ago

Власти и жители Мендыкаринского района в борьбе по недопущению паводка

Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…

3 недели ago

Елена Карповна Ткаченко, из Мендыкары в свои 96 лет не упускает возможность сделать свой выбор во благо будущего страны

В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…

4 недели ago

This website uses cookies.