Қазан айының 24 жұлдызында Меңдіқара ауданында ұлт мерейін асқақтатқан ұлық мереке – Республика күні кеңінен аталып өтті.
Бұл мереке – еліміздің Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолындағы маңызды кезеңді айшықтайтын, ел бірлігін, татулық пен ынтымақты дәріптейтін күн.
Мерекелік іс-шара аудандық «Юбилейый» мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, ұстаздар, оқушылар және аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, көпшіліктің бойын ерекше рух пен мақтаныш сезімі кернеді.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Мейрам Сауытпаев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
-Құрметті жерлестер, сіздерді еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке-қазақ елінің мемлекеттілік жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, халқымыздың азат рузын, елдік бірлігін, тәуелсіздікке деген берік сенімін білдіретін күн. Біздің Меңдіқара ауданы да ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет салаларында елеулі жетістіктерге жетіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұның барлығы – жерлестеріміздің арқасы. Айтулы мерекеге орай барша Меңдіқаралықтардың отбасына амандық, дендеріңе саулық тілеймін, – деді Мейрам Мұратұлы
Мейрам Сауытпаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат-азаматшаларды облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарының алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелік концерт бағдарламасы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Сахна төрінде аудан өнерпаздары патриоттық рухтағы әндер орындап, ұлттық билер биленді. Түрлі жүрек тебірентер әндер шырқалып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Жас өнерпаздар орындаған композициялар мен хореографиялық қойылымдар елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін айқын көрсетті.
Республика күні – әрбір азамат үшін елдің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн — ортақ тарихымызды еске алып, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін сезінетін, болашаққа сеніммен қарауға шақыратын маңызды мереке.
Ақжан Байтұрсынова
Сүретті түсірген автор
В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…
Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…
Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)
Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)
Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)
Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)
This website uses cookies.