Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында заманауи телестудия кабинеті жұмыс жасауда

2024-2025 оқу жылында Меңдіқара ауданы, Боровкое селосында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы «Қазақстан халқы қоры» мен білім беру саласын тұрақты дамыту қорының қолдауымен заманауи телестудия кабинеті ашылып, өз жұмысын бастаған болатын.

Қордың бастамасымен мектептің барлық кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл мүмкіндік оқушылар мен мұғалімдерге жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, оқу процесін сапалы әрі қызықты өткізуге жағдай туғызады.

Телестудия үйірмесінің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, медиа сауаттылығын арттыру, журналистика саласы мен тележүргізушілікке деген қызығушылығын ояту. Сонымен қатар, заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, өз ойын еркін жеткізе блетін, сыни тұрғыда ойлайтын тұлға қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде телестудия үйірмесіне 30 оқушы тұрақты түрде қатысып, медиа саласының қыр-сырын меңгеруде.

Үйірме жетекшісі – жас маман, қосымша білім беру педагогы Гүлдана Рүстемова. Ол өзінің кәсіби біліктілі мен шығармашылығын оқушыларға бағыттап, олардың әрқайсысының шығармашылық дарының ашуға ерекше көңіл бөліп отыр.

-Телестудия үйірмесінде жұмыс жоспар бойынша тұрақты түрде атқарылып келеді. Бізде нақты оқу жоспары мен жылдық бағдарлама бар, әрбір сабақ оқушылардың шығармашылық қабілетіндамытуға, медиа сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оқушылар тележүргізушілік, журналистика, монтаж, түсіру және тағы да басқа медиа дағдыларын меңгеруде. Бұл жұмысымыздың басты мақсаты – оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алатын, сыни тұрғыда ойлайтын тұлға болып қалыптасуына үлес қосы, – дейді үйірме жетекшісі Гүлдана Саматқызы

Үйірме оқушылары мектептегі әрбір шараға белсенді қатысады. Олар тек сабақпен шектелмей, мектеп өміріне шығармашылықпен араласып, өз ойларын көрсетуге мүмкіндік алады. Үйірме мүшелері тұрақты түрде мақала жазыпе, түрлі фотосуреттер мен бейнежазбаларға түсіріп, мектеп өмірін, іс-шараларын бейнелейтін түрлі медиа материалдар жасайды.

Осы жұмыстар арқылы оқушылар тек медиа дағдыларын меңгеріп қана қоймай, ұжымдық жұмысқа бейімделіп, шығармашалық қабілеттерін дамытады және өз ойларын көркем түрде жеткізеді. Сонымен қатар, оқушылардың еңбегі мектептің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланып, мектеп өмірінің көркем әрі замануи бейнесін қалыптастыруға үлес қосады.

-Телестудия үйірмесіне қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз сабақтан тыс уақытта мақалалар жазып, түрлі фотосуреттер мен бейнежазбаларға түсіп, ауданның беделді азамат-азаматшаларынан сұхбат алып, өзіміздің шығармашылық, тележүргізушілік қабілеттерімізді шыңдаймыз. Сонымен қатар, түрлі бейнероликтер жасап, оларды кәсіби түрде өңдеуді де үйреніп жатырмыз,- дейді үйірме мүшесі Данияр Тоғжан

Мұндай шығармашылық бастамалар оқушылардың тек білімін ғана емес, ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін арттырады. Заманауи телестудия кабинеті мен үйірме жұмысы арқылы жас ұрпақ тек медиа саласының қыр-сырын үйреніп қана қоймай, өз ойын еркін жеткізе білетін, сыни тұрғыда ойлайтын, шығармашылыққа бейім тұлға болып қалыптасуда. Мектеп ұжымы мен мемлекеттік қордың қолдауы арқасында оқушыларға осындай мүмкіндік туып, олардың дамуы мен жетістігіне серпін беріліп отыр.

Ақжан Байтұрсынова

Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Крещенские купания в Мендыкаринском районе: единение вер и традиций

В ночь с 18 на 19 января жители Мендыкаринского района собрались у проруби, установленной напротив…

37 минут ago

Депутат областного маслихата Динара Ахметова оформила годовую подписку на районную газету «Меңдіқара үні» для 42 пенсионеров

В разгар подписной кампании Динара Маратовна решила поддержать социальный проект, сделав подарок для одиноко проживающих…

3 дня ago

Меңдіқара ауданында еріктілер жұмысы жүйелі түрде дамып келеді

Меңдіқара ауданының Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер қозғалысы жүйелі түрде жұмыс істеп, қоғам өмірінің…

3 дня ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

4 дня ago

С начала года с территории районного центра Мендыкаринского района вывезено около двух тысяч кубометров снега

В настоящее время все улицы села Боровского полностью расчищены от снега. Устранена колея на опасных…

4 дня ago

Меңдіқара ауданының аудан орталығында балалар игілігі үшін екі сырғанақ ашылды

Меңдіқара ауданының орталығы Боровское селосының орталық алаңында балалардың қысқы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізуіне арналған…

6 дней ago

This website uses cookies.