Меңдіқара ауданында Ғ. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында ұлағатты ұстаз Қапар Нұрабаев атындағы сынып ашылды

Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар Жұмасұлтанұлының атындағы сыныптың ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Қапар Нұрабаевтың жұбайы,  балалары, ет жақындары мен бірге қызмет жасаған әріптестері жиналды. Ұлағатты ұстаздың есімі берілген география кабинетінің лентасын қию аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлдана Ахметова мен Қапар ағайымыздың жары Зауре Нұрышқызына табысталды.

– Білім беру саласында өзіндік сара жолын салып кеткен, таланты мен талабы қатар ұштастқан  ардақты ұстазымыз Қапар Жұмасұлтанұлы мәңгі біздің есімізде болмақ. Бүгінгі күн география пәнімен қанатын қатайтқан, сол қанатының астынан талай шәкіртті түлетіп ұшырған қадірлі ұстазымыздың есімімен аталатын сынып кабинетінің тұсауы кесілген күн. Қазақ мектебінің бой көтеруіне өзіндік үлесін қосқан ұлы тұлғамыздың есімін ұмыт қалдырмай, өскелең ұрпақ бойына дарытып, есімін жаңғыртып жүрген мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Ұстаз деген ардақты есімді көк тудай көтерген жанның есімі шәкірт санасында мәңгі сақталуы тиіс, – дейді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлдана Айтмағанбетқызы

Әрбір әрекеті өнегеге толы Қапар ағамыздың сабақ беру әдісі де өзгеше болған екен. Сол өзгешелік өзінше сара жолын тауып, сол жүрген жолмен жүргісі келген шәкірттері де аз болмапты. Ұстазының жолын қуып, бүгінгінің жаңашыл географ ұстазы, кешегі Қапар ағамыздың мақтан еткен шәкірті, қазақ мектебінің ең мақтаулы ұстаздарының бірі Алмат Қиялов өмірлік ұстазы Қапар Жұмасұлтанұлына алғысы шексіз екенін жеткізді.

Жиын барысында география сабағының үздік оқушылары ортаға шығып, көпшілік алдында түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөлісті. Мектептің үздік оқушылары ұлы ұстаздың құрметіне орай өлең шумақтарын мәңерлеп оқып, жиылған жұртшылықтың көзіне ыстық жас ұялатты. Зауре апайымыздың анасы Нағима Жақыпқызы Қапар ағайымызға арнап «Елге сәлем» атты өленің жазған екен. Сол өлеңді тұңғыш рет Марат Кеңшілікұлының музыкалық аспаппен сүйемелдеуімен Азат Серікбай мүлтіксіз орындап шықты.

– Марқұм жұбайымның есімі мен жасаған еңбегін ұмыт қалдырмай, әрдайым жаңғыртып, болашақ ұрпақ бойына дарытып жүрген мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Артында ізгіліктен із қалдырып, сол жолды жалғастырып келе жатқан Алмат Мақсұтұлына алғыс айта отырып, еңбек жолына табыс тілейміз. Жұбайым бар өмірін ұстаздық жолға арнаған жан. Еңбегі бағаланып, есімін өскелең ұрпақтың ұмыт қалдырмай, әр кез жаддарында ұстауы көңіл қуантады. Қапар ағаларынның құрметіне орай ашылып отырған география кабинеті әрдайым құтты әрі берекелі болсын деп тілеймін. Бүгінгі шараны ұйымдастырушы мектеп ұжымы мен өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға өз ризашылығымды білдіремін, – дейді жары Зауре Нұрышқызы

Биылғы жылы ұлағатты ұстаздың дүниеден озғанына 20 жыл. Осы орайда Қапар ағайымыздың жары мен балалары  жиналған жұртшылыққа ас берді. Қапар ағайымыздың жора-жолдастары, ауылдастары, бірге қызмет жасаған әріптестері жиналып, сөз сөйлеп, еріксіз жаспен еске алды.

Жиын соңында Қапар Жұмасұлтынұылының жұбайы Зауре апайымызбен балалары алғыс айту сөзін сөйлеп, мектеп ұжымына өз сыйлықтарын табыстады.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Меңдіқара жерінің ұлы тұлғасы, ұлағатты ұстаз Қапар Нұрабаев жайлы жақсы естелік жүрегімізде мәңгі сақталады.

Ақжан Байтұрсынова

Суретті түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Молодежный ресурсный центр Мендыкаринского района признан лучшим по Костанайской области

С этим заслуженным признанием коллектив МРЦ поздравил глава района Габит Бекбаев. (далее…)

2 недели ago

В Боровском колледже им К.Доненбаевой открылась учебная лаборатория по специальности «Пожарное дело»

Это важное событие совпало с годом празднования 90 - летнего юбилея колледжа и с Годом…

2 недели ago

На шиномонтажных сервисах Мендыкаринского района в минувший понедельник наблюдался ажиотаж

Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)

1 месяц ago

Милана Джафарова признана лучшим интервьюером сельскохозяйственной переписи по Мендыкаринскому району

20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…

1 месяц ago

В райцентре открылась кофейня, аналогичных которой в Мендыкаринском районе нет

Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)

1 месяц ago

Қостанай облысы тұрғындары сапалы байланыс пен интернетке қашан қол жеткізеді?

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқанына қарамастан, Қостанай облысында мыңдаған тұрғын әлі күнге дейін тұрақты байланыс…

1 месяц ago

This website uses cookies.