Меңдіқара ауданында жас жол инспекторларының аудандық слеті өтті

Меңдіқара аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі бірлесіп, Первомай жалпы білім беретін мектебі базасында жас жол инспекторларының аудандық слетін жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа жол қозғалысы ережелерін терең меңгерту, жол – көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ оқушылардың жауапкершілігі мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бүгінде жол қауіпсіздігі – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда мұндай тәрбиелік мәні зор шаралардың маңызы ерекше.

Слетке Меңдіқара ауданының 11 білім беру  ұйымынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Атап айтқанда, жол белгілерін тану, жол қозғалысы ережелерін білу, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар мен сахналық қойылымдар арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Әр кезеңде оқушылардың білімділігімен қатар, шапшаңдығы, ұйымшылдығы мен тапқырлығы бағаланды.

Сайыс барысында жас инспекторлар жолдағы түрлі жағдайларды дұрыс бағалай алатындарын, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын жақсы түсінетіндерін көрсетті. Бұл – олардың тек теориялық біліммен ғана шектелмей, тәжірибелік дағдыларды да меңгергенін айғақтайды.

-Жас жол инспекторларының слеті –  оқушылардың жол қозғалысы ережелерін терең меңгеруіне, олардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара. Бүгінгі қатысушылардың дайындық деңгейі мен белсенділігі қуантады. Мұндай сайыстар арқылы біз тек білім беріп қана қоймай, балалардың өмірлік дағдыларын қалыптастырамыз. Аладғы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Меңдіқара аудандық білім бөлімінің әдіскері Валентина Дубинова

Аудандық жас жол инспекторларының слетінің қорытындысы бойынша: 3 орынды – Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушылары иеленсе, 2 орын – Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің командасына бұйырды, ал бас жүлде, 1-орынды Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін оқушылары жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, олардың белсенділігі мен дайындық деңгейі жоғары бағаланды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өмір қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін нығайтады. Жас жол инспекторлары – болашақта жол тәртібін сақтайтын саналы азаматтардың қалыптасуына негіз болатын маңызды қозғалыс. Сондықтан осындай слеттерді жүйелі түрде өткізу – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі.

Ақжан Байтұрсынова

суреттерді білім бөлімі ұсынды

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

1 день ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

1 день ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 дня ago

Накануне уборки: О чем говорят фермеры Мендыкаринского района?

О насущных вопросах перед уборочной кампанией шла речь на полях крестьянского хозяйства «SDS». (далее…)

4 дня ago

This website uses cookies.