Жұмабике Әбілкәрішқызы 1938 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясына қарасты Қосалап ауылында дүниеге келген.
Бүгінде сексеннің бесеуінен асқан, бақытты ана, аяулы әже. Жүзінен жылулық ескен мейірімді жан.
Марқұм жұбайы Қариолла Ақанаевпен 1955 жылы шаңырақ көтеріп 8 баланы дүниеге әкеліп, бақытты да баянды ғұмыр кешіп, перзенттерін қатарынан қалдырмаған көрінеді. Алтын құрсақты ана бүгінгі таңда 8 баладан 21 немере, 19 шөбере сүйіп, қызығын қызықтауда.
Жұмабике әжеміздің ортаншы ұлы Тоқтар Қариоллаұлы Қазақстан Республикасының фельдъегерлік қызметінде жұмыс жасайды. Қызмет барысындағы әріптестері Тоқтар Қариоллаұлының жұмыстағы үздік нәтижелері мен адал еңбегі үшін анасы Жұмабике Әбілкәрішқызына үлкен құрмет көрсетіп, «Офицердің анасы» медалі мен куәлігін тарту етті.
Марапатты ұлы Тоқтар анасының кеудесіне өзі тағып, ана үмітін ақтады десек артық айтпаған болармыз. Жиынға аудандық “Amanat” партиясы Меңдіқара аудандық филиалының хатшысы Алла Узбекова мен Ардагерлер кеңесінің басшысы Рысханым Ізімова, Меңдіқара аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Алтыншаш Есетова қатысқан болатын.
Алтын құрсақты анамыз Совет одағы кезінде «Материнская слава», кейіннен 2010 жылы өзіміздің Қазақстан Республикасының марапаты «Алтын алқаны» кеудесіне таққан екен.
Ақжан Байтұрсынова
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…
Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…
This website uses cookies.