Меңдіқаралық оқушылар жазғы демалысты балалар шығармашылық үйінде өткізуде

Жазғы демалыс басталғаннан бері Меңдіқара аудандық Балалар шығармашылық үйінде мектепалды алаңы өз жұмысын бастаған болатын. Аталмыш алаң дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылып тұрады.

Мұнда балалар бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, өздерінің музыкалық, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамытып, шыңдай түспек.

Жазғы демалыс балалардың бос уақытының едәуір бөлігін құрайды. Бұл кезең олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жеке мүмкіндіктерін жақсартуға, мәдени құндылықтармен танысуға, жеке қызығушылықтарын қанағаттандыруға барынша қолайлы уақыт. Осы мақсатта, жеткіншектерге шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және тағыда басқа үйірмелер өткізілуде.

-«Ғажайып балалар әлемі» алаңы өз жұмысын маусым айында бастаған болатын. Алаң түрлі бағытта жұмыс жасап, балалардың дамуы мен жеке қабілеттерін жақсарту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, біздің орталық, аудандық балалар кітапханысымен, тілдерді оқыту бөлімдерімен тығыз жұмыс жасайды. Сабақ барысында жеткіншектер ең алдымен қауіпсіздік ережесі, өрт сөндіру қызметтерімен танысып, таңғы жаттығу түрлерін спорт кешенінде жасайды.  Біздің мекемеде балаларымыздың қабілеттерін шыңдау, рухани дамуы үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды, -дейді аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің басшының міндетін атқарушы  Мұрат Тұрағұлов

3 айға белгіленген жұмыс жоспары бойынша балалар шығармашылық үйінің алаңында ұйымдастырылған «Ғажайып балалар әлемі» таңғы сағат 10:00 ден 14:00-ге дейін  жұмысын жасайды

«Ғажайып балалар әлемі» алаңының белсенді қатысушы Алидің    айтуынша, өз жаз мезгілің аталмыш орталықта қызықты өткізуде

-Жазғы алаң маған қатты ұнады. Мұнда өтіп жатқан әрбір іс-шараларға, спорттық ойындарға белсене қатысамын. Өзіме көп достар таптым. Мысалы. Біз бүгін таңғы жаттығу жасап, көңіл-күйімізді көтердік. Қазір тоғызқұмалақ, шахмат сынды ойындармен ойнаймыз, – дейді Али Беріков

Ақжан Байтұрсынова

Редактор

Recent Posts

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

11 часов ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

1 неделя ago

This website uses cookies.