Меңдіқаралық тұрғын Самат Меңдібаев әкеден дарыған кәсіпті жалғастыруда

Аңшылық пен балықшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсібінің, сондай-ақ көшпелілер үшін күнкөрістің әрі көңіл көтерудің бір саласы.

Аңшылық пен балықшылық бейнеті, еңбек шығыны аз, бірақ табысы құнды – бағалы аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы – қай-қайсысы да адамдардың қажетіне жараған. Иә, мұның бәрі жалпы ата-бабамыздың көшпелі өмірінің ажырамас бөлшегіндей дүние.

Осы орайда бүгінгі біздің кейіпкеріміз, әуесқой аңшы әрі балықшы Мендыбаев Самат Мұхтарұлы жайлы сыр шертпекпіз.

Самат Мұхтарұлы 1964 жылы Меңдіқара ауданына қарасты  Қызылбалықшы (Мокрый) ауылында дүниеге келіп, сол өңірде өсіп-өнген. Кейіннен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министирлігі Мақан Есболатов атындағы академиясын жақсы нәтижемен аяқтап, аудан орталығында талай жылдар бойы адал қызмет атқарған. Бос уақытында аңға шығып, аң аулап, қармақ лақтырып, балық аулауды әуес көрген.

Бала кезінен бауырларымен әкесінің соңынан ере жүріп кейіпкеріміз аң аулау мен балық аулаудың қыр-сырын жетік меңгерген.

-Әкем Мұхтар аң, балық аулаудың хас шебері еді. Біз үйде 6 ағайындымыз. Бала кезімізде бізді соңынан ерте жүріп, осы шаруашылықтың түрлі құпия-сырларын үйретті. Өсе келе осы кәсіпке деген қызығушылығым арта бастады. Қызметте жүрген кезімде уақыт тапшылығынан өзімнің сүйікті ісіммен айналысу қиын болатын, қазіргі таңда зейнеттік демалыстамын. Балық, аң аулау кәсіп түрлерімен айналысуға рұқсат қағаздарымыз, арнайы жолдамаларымыз бар. Жолдастарымызбен, ағаларымызбен арнайы жиналып балық аулау үшін басқа облыс, аудандарға да барып жатамыз. Біздің ауданымызда балық аулаудан көптеген жарыс түрлері ұйымдастырылып тұратын, қолымыз бос кезде өз бағымызды сыңап көрім жатамыз. Мен қазіргі таңда зейнеттің бейнетін көрудемін. Қолым босай қалса бірден құрал-жабдықтарымды алып, балық аулауа беттеймін. Талай жылдардың жүзі болды аудан орталығының тұрғындарымыз. Туған жердің дәмі қашанда тәтті ғой, сол үшін әр дайым туған жерге барып, ауылдың балықтарын аулап келемін. Ауылдың балықтарынан түрлі тағам түрлерін дайындағанды жақсы көреміз. Аңшылықтан гөрі өзім балық аулағанды ұнатамын. Аңшылыққа біз таза ауада жүріп, өз-өзімізді сергіту үшін шығамыз ғой. Әр кез аңға немесе балыққа шығатын болсақ міндетті түрде рұқсат қағаздары мен жолдамаларын аламыз

Ақжан Байтұрсынова

сүретті ұсынған С.Меңдібаев

Редактор

Recent Posts

Меңдіқарада қарияларға құрмет көрсетілді

Өмір жолында талай белесті бағындырып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан…

3 дня ago

Учитель начальных классов из Мендыкаринского района Ирина Кобзарь удостоена грамоты акима области

Чествование состоялось во Дворце молодежи «Жастар». На него пригласили более 300 человек со всей области.…

3 дня ago

Супруги Дмитрий и Ольга Кондратьевы из Мендыкары имеют за плечами 20 лет опыта работы в сфере образования

Сегодня Дмитрий Анатольевич преподаёт физическую культуру в Первомайской общеобразовательной школе, а Ольга Александровна - учитель…

4 дня ago

Мендыкаринец Иван Баганов продолжает пчелиное дело своего отца

Два года назад ушел из жизни Анатолий Иванович Баганов, но дело всей его жизни не…

6 дней ago

В Мендыкаринском районе дан старт подключению объектов соц.сферы к системе теплоснабжения

О том, как проходит подготовка к предстоящим холодам, рассказал руководитель отдела ЖКХ, пассажирского транспорта и…

7 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажки -…

1 неделя ago

This website uses cookies.