Мектеп базары жұмысын бастады

Жаңа оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Мектеп базарлары да жұмысын бастады

Сөрелер мектеп формасына, спорттық костюмдер, сөмкелер, кеңсе тауарларына толы. Ата-аналар да балаларын мектепке дайындау қамына кірісіп кеткендігін байқадық. Әзірге адамдар көп емес, кезек жоқ, таңдау бар. Киімнің сапасына қарай бағасы белгіленген. Мәселен қыз балаға форма 3500 мың теңгеден жоғары, фартуктердің бағасы 1500-4500 аралығы, 1 сыныпқа тіпті 700 теңгеге де алуға болады. Ұл балалардың  костюмдерінің бағасы 8000 мың теңгеден басталады. Жейделер 2000-3500 теңге аралығы. Ал галстуктер 400-600 теңге. Спорттық костюмдерді 4 мыңнан 9 мың теңгеге дейін алуға болады. Сатып алушылар баға қалтаны қағатынын айтады. Әсіресе мектепке бірнеше баласы баратындарға қиын. Кеңсе тауарлары да қымбаттаған. Сөмкелерге де баға әр түрлі. Ата-аналар мүмкіндігіне қарай алып жатыр. Сатушылардың айтуынша бір баланы мектепке дайындау үшін биыл орташа есеппен 30-40 мың теңге керек.

Екатерина Гридасова бес жылдан бері мектеп базарында сауда-саттық жасап келе жатқан жеке кәсіпкер.

– Менің сауда нүктеме келушілер үшін 10 тамызға диін жеңілдіктер бар, сондай-ақ, көпбалалы аналар үшін 5 пайыз жеңілдік қарастырылған. Тамыздың 10 жұлдызына дейін сауда жасаған кісілермен лоторея ойынын өткіземіз, әр балаға сыйлық жасаймыз бұл біздің жыл сайынғы үрдісіміз, – дейді Екатерина. Бізде формалар мен мектеп костюмдерінің кең таңдауы бар. Әсіресе, өлшемдері мен пішімдері, сапасына деген сұранысқа ие модельдер. Бағасы да қолжетімді екендігін тілге тиек етті.

– Гүлбану Дюняева көпбалалы ана. Алты баланың анасымын үшеуі ересек, мектепке баратын үш баламды жыл сайын ерте қамданып, керек-жарағын даярлаймын. Биылғы жылы костюм, форма таңдаудан бастап отырмыз. Жергілікті кәсіпкерлердің көпбалалы аналар үшін жеңілдіктер қарастырып жатқанына өте қуаныштымыз. Көпбалалы отбасы ретінде аудандық білім беру бөлімі де көмек беріп жатады, дегенменен өз күшімізбен басты керек-жарақты алып дайындаламыз – дейді көпбалалы ана.

Балаларын мектепке сақадай сай етіп даярлау ата-ана үшін жауапты іс. Бірі қалтасына қарай көсілсе, енді бірі өз қалауына қарай дайындалады. Жыл сайын дәстүрге айналған республикалық  «Мектепке жол» акциясының шарапаты да көптеген отбасыларға көмегін беріп, септігін тигізіп жатады.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

На покос травы в Боровском из местного бюджета впервые выделили 2 млн тенге

Об этом рассказал аким села Боровское Жасулан Турагулов. (далее…)

3 дня ago

Брусчатка, новые скамейки, урны: что сделано и что предстоит сделать в парке Победы в Боровском

Это лишь часть масштабных работ, которые проводятся в районе в рамках программы «Таза Қазақстан». (далее…)

3 дня ago

В Боровском назрела необходимость привести дорожную инфраструктуру в соответствие с госстандартами

В поле зрения корреспондентов районной газеты попали около 30 дорожных знаков, которые требуют срочной замены.…

4 дня ago

Меңдіқарада жазғы аудандық спартакиада алауын жақты

 Меңдіқара ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бұқаралық спорттың мерекесіне…

2 недели ago

Меңдіқарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, отбасы институтын нығайтуға бағытталған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық…

2 недели ago

Туған жерге тамырын терең жайған еңбек адамы

    Кей адамдар үшін туған жер – балалық шақтың естелігі ғана. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.