Categories: Новости

Мемлекеттік тіл-мәртебең

ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне орай  аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-мәртебең» атты аудандық сайысы өтті.

Сайыста 14 мемлекеттік қызметші яғни, 7 топ бақ сынады.  Сайыстың мақсаты  мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру, ең үздік командаларды анықтау және ынталандыру.

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша командалар өз мекемелері мен қызметтері бойынша шағын бейнероликтер дайындап, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «mendikara.ortalik» парақшасында орналастырылып, онлайн көрерменнің қолдауына ие болды. Сайыстың екінші кезеңінде командалар «Quizizz» сервисі арқылы  «Конституцияны білесіз бе?» тақырыбында викториналық  сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормаларынан» берілген сұрақтарға және жағдаяттарға талдау жасады. Қазылар алқасының шешімімен үш кезеңнің қорытындысы бойынша  І орынды  Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Тұлпар» тобы, ІІ орынды Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты  ММ-нің «Ана тілім  – ардағым» тобы, ІІІ орынды Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аумақтық инспекциясының «Қыран» тобы  иеленді. Сайыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар диплом, сертификат  және сыйлықтармен марапатталды.

                                                                          Тілдерді оқыту орталығы

Редактор

Recent Posts

Чистота начинается с каждого из нас: Мендыкаринский район присоединился к Всемирному дню чистоты

В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» и в преддверии World Cleanup Day - жители района…

4 дня ago

В Мендыкаринском районе урожайность пшеницы в ТОО «Олжа Агро Боровское» достигла 26 ц/га

Аграрный сезон 2026 года стал для ТОО «Олжа Агро Боровское» настоящим испытанием на прочность. (далее…)

6 дней ago

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

2 недели ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

2 недели ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 недели ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.