Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар арамызда баршылық.
Білім көшін жетелеп келе жатқан Краснопреснен орта мектебінің қос ұстазы – Абзалбек пен Айдана елеулі мереке қарсаңында қос қуаныштарын атап өтпек.
Абзалбек Алқар Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Мырза төбе ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтай сала, ұстаздық жолды таңдап Қостанай қаласына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Аталмыш білім ордасынан үлеп ұшқаннан кейін, қолына дипломын алып Меңдіқара ауданына келіп еңбек етуді ұйғарады.
Абзалбек Әбдіәшімұлының алғаш еңбек жолы Краснопреснен орта мектебінен басталды. Жас ұстаз бүгінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, математика пәнінен сабақ береді. Алыс жерден келіп еңбекке ат басын бұрған Абзалбекке бөтен елге келіп еңбек ету еш қиындық туғызбаған көрінеді. Оның айтуынша әріптестері мен мектеп директоры Алма Омарованың қолдауы үстем болған екен.
– Жат жерге келіп алғаш еңбек жолымызды бастадық. Айдана менен кейін келді. Екеуімізге де қолдау көрсеткен әріптестеріміз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың иелеріміз. Алдымызға қойған мақсатымыз – жақсы шәкірт тәрбиелеу. Ата-аналардың ризашылығына бөлену. Сөзіміз жарасып, сезіміміз махаббатқа ұласып елеулі мерекенің қарсаңында ақ некемізді қиюды жөн санадық. Тәуелсіздік күні біз үшін айтулы күндердің бірі. Барша жерлестерімізді келе жатқан мерекемен құттықтап, елімізге амандық тілейміз.
Ал, Айдана Нұрғалиқызы Оңтүстіктің қызы. Сырдария университетін аяқтай сала Меңдіқара елінде еңбек етуді көздеп, бүгінде аталмыш мектепте зор еңбек атқарып келеді. Ол ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне жол тауып, бүгінде бала жанының бағбанына айналды.
Жақсылықтың баспалдағына қадам басқан Айдана мен Абзалбек енді еңбекте де, өмірде де бірге. Алдарына қойған мақсаттары айқын. Сезімдері бүгінде үлкен махаббатқа ұласқан қос ғашық – ата-ананың үмітін ақтайтын үлгілі отбасы болсақ екен дейді. Алдағы күнде өз баспаналарына қол жеткіземіз деген тілектері бар екенін де жасырмады. Тұғыры биік Тәуелсіздік күні қарсаңында – еліміз тағы да бір отбасымен толығады. Қос ұстаз, қос ғашыққа қуаныштарыңыз ұзағынан болып, некелеріңіз құтты болсын дейміз.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Причиной такой ситуации послужила непогода, которая застала водителей врасплох. (далее…)
20 октября, завершился второй этап масштабной сельскохозяйственной переписи, охвативший 4969 личных подсобных хозяйств в селах…
Данный бизнес молодая пара Серик Авгумбаев и Светлана Юшкевич реализовали за счет собственных средств. (далее…)
Направление играет ключевую роль в формировании правовой культуры, профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и поддержании порядка…
В первую очередь сотрудники отдела по ЧС устанавливают датчики угарного газа – многодетным семьям. (далее…)
Бұл мереке – қоғамның рухани байлығын арттырып, білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген…
This website uses cookies.