Өмірі мен еңбегі ұштасқан қос ұстаз – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында отбасын құрмақ

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар арамызда баршылық.

Білім көшін жетелеп келе жатқан Краснопреснен орта мектебінің қос ұстазы – Абзалбек пен Айдана елеулі мереке қарсаңында қос қуаныштарын атап өтпек.

Абзалбек Алқар Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Мырза төбе ауылында дүниеге келген. Мектепті аяқтай сала, ұстаздық жолды таңдап Қостанай қаласына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Аталмыш білім ордасынан үлеп ұшқаннан кейін, қолына дипломын алып Меңдіқара ауданына келіп еңбек етуді ұйғарады.

Абзалбек Әбдіәшімұлының алғаш еңбек жолы Краснопреснен орта мектебінен басталды. Жас ұстаз бүгінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, математика пәнінен сабақ береді. Алыс жерден келіп еңбекке ат басын бұрған Абзалбекке бөтен елге келіп еңбек ету еш қиындық туғызбаған көрінеді. Оның айтуынша әріптестері мен мектеп директоры Алма Омарованың қолдауы үстем болған екен.

– Жат жерге келіп алғаш еңбек жолымызды бастадық. Айдана менен кейін келді. Екеуімізге де қолдау көрсеткен әріптестеріміз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың иелеріміз. Алдымызға қойған мақсатымыз – жақсы шәкірт тәрбиелеу. Ата-аналардың ризашылығына бөлену. Сөзіміз жарасып, сезіміміз махаббатқа ұласып елеулі мерекенің қарсаңында ақ некемізді қиюды жөн санадық. Тәуелсіздік күні біз үшін айтулы күндердің бірі. Барша жерлестерімізді келе жатқан мерекемен құттықтап, елімізге амандық тілейміз.

Ал, Айдана Нұрғалиқызы Оңтүстіктің қызы. Сырдария университетін аяқтай сала Меңдіқара елінде еңбек етуді көздеп, бүгінде аталмыш мектепте зор еңбек атқарып келеді. Ол ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне жол тауып, бүгінде бала жанының бағбанына айналды.

Жақсылықтың баспалдағына қадам басқан Айдана мен Абзалбек енді еңбекте де, өмірде де бірге. Алдарына қойған мақсаттары айқын.  Сезімдері бүгінде үлкен махаббатқа ұласқан қос ғашық – ата-ананың үмітін ақтайтын үлгілі отбасы болсақ екен дейді. Алдағы күнде өз баспаналарына қол жеткіземіз деген тілектері бар екенін де жасырмады. Тұғыры биік Тәуелсіздік күні қарсаңында – еліміз тағы да бір отбасымен толығады. Қос ұстаз, қос ғашыққа қуаныштарыңыз ұзағынан болып, некелеріңіз құтты болсын дейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

6 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

7 дней ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.