Өнегелі өнер жолын өркендеткен, өнер әлемінің майталманы мерейлі 70 жасқа келді

Өткен аптада Меңдіқара аудандық «Юбилейный» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші, сазгер Бақытжан Сәуекеновтың 70 жылдық мерей тойына арналған «Өнерім-өмірім» атты шығармашылық концерті өтті

Концертке облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, аудан әкімінің орынбасары Қалыбек Жұмашев, Қазақстанның Еңбек ері Сайран Бұқанов, жерлестері, замандастары, өнердегі және өмірдегі үзеңгілес достары қатысты.

Айтулы күнде белгілі сазгердің «Жүректі ән тербейді» атты жинағының тұсауы кесілді. Облыстық басқарманың басшысы Ерлан Қалмақов, ҚЖО мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, еліміздің сыйлы азаматы Сайран Бұқановтар жинақтың тұсауын кесіп, өнерлі ағамызды мерей тойымен құттықтады.

«Тұғырлы Тұлғалар» жобасы аясында Бақытжан Сәуекенов жайлы фильм түсіріліп, қалың жұртшылыққа ұсынылды.

Өнер әлеміне Бақытжан Дәуренұлы 1966-шы аяқ басып, бүгінгі таңда халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жан. Мектеп кезінен сырнайда ойнап, сонау кездерден бері, қазақ өнерін, қазақ әндерін насихаттап келеді. Киелі сахнада жүріп биік шыңдарды бағындырып, ел құрметіне бөленгеніне де 55 жыл толған екен. Осы күнге дейін 80-ге жуық әндер дүниеге келіп, туған елге, ауылдар мен аудандарға арналған 15-ке жуық мағынасы терең әндер жарыққа шықты.

Киелі сахнаның төрінен орын алып, қазақ өнерінің дамуына өз үлесін қосып, үлкен еңбек және бойындағы өнерінің арқасында тыңдарманы мен көрерменінің жүрегінен орын алған Бақытжан ағамыз бүгінде «Әжелер» ансамбльінің көркемдік жетекшісі, «Домбыра сазы» қазақ ұлттық аспаптар ансамбльінің мүшесі, кішіге үлгі болар ардақты аға, салиқалы ұрпақ тәрбиелеген асыл әке. Жары Қуаныш Торғайқызымен ұл мен қызды тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере-шөберенің қызығын қызықтаған ардақты жандар.

Белгілі сазгердің жүрегінен шыққан туындылары бүгінде халыққа етене жақын. Туған жеріне арналған «Туған жер – Торғайым», Меңдіқара ауданының 70 жылдығына арналып жазылған «Меңдіқара – туған өлкем»,

«Даланың ару қызы», «Қазыналы – Қостанай», «Арқалығым менің» сияқты әндерін Бақытжан ағамыздың ізінен ерген жас толқын аса мақтанышпен орындап жүр.

Концерттік шара облыстық Елубай Өмірзақов атындағы филормониясының «Ақ желең» фольклорлық ансамбльінің орындауындағы күймен басталып, тамаша әуезді әндермен жалғасын тапты.

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов кеш иесіне Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтың Алғыс хатын табыс етіп, сазгер ағамызға ақ тілегін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Қалыбек Жұмашев аудан әкімінің атынан сөз сөйлеп, мерейтой иесіне алдағы уақытта «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағы беру туралы ұсыныстың мақұлданып жатқандығын айтып өтті.

Бұл күнде халықтың тума таланты, жетпіске аяқ басқан ағамыздың өнерге қосқан үлесі, талай жыл толассыз еткен еңбегі бағаланып жатты. Сазгердің шығармасы мен өнеріне жақындарымен қатар, сүйіп тыңдайтын халқы қолдап, қошеметтеп отырды.

55 жыл киелі өнер сахнасында өнер көрсетіп, тыңдарманы мен көрерменнің жүрегінен орын ала білген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекеновтың өнердегі інілері, өнеге көрсете білген ағаларының туындыларын орындап ел ықыласына бөленді.

Асқар тау ардақты әкелерінің жолын қуған өнерлі перзенттері де әкелерінің мерейін асқақтатып сахна төрінде өнер көрсетті. Ұлы «Қазыналы, Қостанайым» әнін шырқап, жиылған қауымның қошеметіне бөленсе, сонау Атырау елінен келген Атырау қаласындағы Дина Нүрпейісова атындағы академияның халық аспаптарының әртісі, Бақытыжан ағамыздың қызы Эльмира Иманбаева да өнер көрсетіп, ел ризашылығына бөленді.

Іс-шараға арнайы ат басын бұрып келген ел ағасы, қоғам қайраткері Марат Мұстафин, ҚР құрметті азаматы, денсаулық ісінің үздігі Азамат Мақзұмов мерей той иесін құттықтай отырып, ағамыздың адамгершілігі мен парасаттылығына да тоқталып өтті. Жанкелдин ауданының Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің басшысы Гүлзат Хамзина да той иесіне ақ жарма тілегін айтып, Жангелдин ауданы әкімінің атынан Алхыс хат табыс етті.

Мерекелік кеште танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Айта кетсек, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Досымжан Таңатаров,

«Қазақстан дауысы» жобасының алғашқы жеңімпазы Шаһаризат Сейдахмет халыққа керемет көңіл сыйлап, ел қошеметіне бөленді.

Кеш иесі де сахнаның төрінде, өнерін құрметтеп келген барша өнер сүйер қауымға шексіз алғысын білдірді.

-Қуанышымды бөлісіп, өнерімді бағалап келген халқыма, өнер көрсеткен өнерпаздарға, облыстық мәдениет басқармасына, облыстық «Халықтар» шығармашылығы орталығына, аудан әкімдігіне, мәдениет бөліміне шексіз ризашылығымды білдіремін. «Жүректі ән тербейді» кітап жинағымның жарыққа шығуына үлес қосқан өнердегі, өмірдегі інілеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта 70 жылдық мерей тойыма арналған шығармашылық кеш Қостанай қаласында өткізіледі деген жоспарымыз бар,-деді мерей той иесі.

Бізде өз атымыздан Меңдіқара елін өнерімен қуантып, өскелең ұрпаққа үлгі болған, қазақ өнерін бағалай білген, тамаша шығармаларын еліне сыйлаған, нағыз өнер майталманына айналған өнерлі ағамызды мерей тойымен құттықтаймыз. Алдағы күнге шығармашлық табыс, мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

5 дней ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

6 дней ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

2 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

В КФФ раскрыли подробности будущего Адиева

Главный тренер сборной Казахстана Магомед Адиев возглавил клуб РПЛ «Ахмат» 5 апреля 2024 года. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.