Categories: Новости

Өнер-өмір өрнегі

Бауыржан Момышұлы  «Өнер –адамның рухани азығы, ол халықтың бүгінгі мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы» – деген екен.

Өнер жолы қашаннан ауыр жол болғанымен ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп халыққа мереке, жақсы көңіл-күй сыйлап, сахнаның сәнін келтіре білген жандардың еңбектері зор. Өз өмірлері мен еңбек жолдарын мәдениет саласымен тығыз байланыстырған, меңдіқаралықтар үшін өнердің қара шаңырағына айналған «Юбилейный» мәдениет үйінде біраз жылдардан бері табысты қызмет етіп келе жатқан нәзік жанды әйелдер қауымы жайында айтпақпыз. Қарлығаш Құсайынова аталмыш мәдениет үйінде 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Өзіне тән ерекше дауыс иесі. Көрермендердің ыстық ықыласына бөлене білген талантты өнерпаз. Бірнеше мәрте облыстық, аудандық фестивальдердің лауреаты атанып, үлкен сахналарда да өнерін паш етіп жүрген жан.

Татьяна Чернова 26 жылдам астам еңбек өтілі бар маман. Аудандық мәдениет үйінің табалдырығын 1994 жылдан аттап, біраз жыл директорлық қызметті де абыроймен атқарған екен. Тыңдармандардың сүйікті әншісі, әріптестерінің алдыңда абырой-құрметке ие, өз ісінің нағыз майталманы десек қателеспейміз. Еңбексүйгіштігі мен адами қасиетке жан дүниесі бай Татьяна  Александровна әріптестері үшін жұмыс бабымен әрбір сәтте көмекке дайын екенін жасырмайды. Кез келген мерекелік сценарий мен видеороликтердің де авторы екенін айта кеткен жөн болар. Талантына тамсанған халық қашанда сахна төрінен Татьяна  Александровнаны көріп, әнін тыңдауға асық. Талай мәрте ән байқауларында жеңімпаз атанып, тек биіктерді бағындыра білген талант иесі.

Елена Краснобородикованы халық тек қана ән айту жағынан ғана емес сондай-ақ, білікті жүргізуші ретінде де таниды. Елена Владимировна еңбек жолын 1986 жылдан Лесхоз селолық клубынан бастаса, бүгінде аудандық мәдениет үйінде шығармашылық жұмысқа белсенді ат салысып келе жатқан мамандардың бірегейі. 2008 жылдан бері жалпы өнерпаздардың сәнін келтіріп отыратын сахналық костюмлерін қалыпқа келтіріп, жауапкершілікпен танытып отырған маманның бірі

Наталья  Грабовская. Наталья Анатольевна әншілер мен сахнаға шығатын әрбір жанның сырт келбетіне зор мән беріп, шығармашылыққа зор мән беретін жан.

Кез келген мерекелік кеш пен концерттік бағдарламалар мың бұралған бишілердің ат салысуынсыз өтпейтіні белгілі. Осы орайда табжылмай еңбек етіп бірнеше биді ортаға алып шығып жүрген жас маман, хореогроф Александра Загинайло. Мәдениет үйінің  төрінен бірнеше жыл бұрын құрылған  «Жұлдыз» би тобы өз жұмысын жаңаша ұсынуда.

Шығармашылық ұжымның әрбір күні мереке, олай дейтін себеп жұмыстың мақсаты халықпен тығыз қарым-қатынаста болу. Мерекелік демалыстарда да сахнадан табылып, көрерменге мереке сыйлау. Осы орайда аудандық мәдениет үйінің жалпы ұжымы мен қоса нәзік жанды арулары да қалыспай еңбек етуде. Біз де өнерге бас иген нәзік жандыларды алда келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін деген тілек білдіреміз.

Бүгінде мәдениет үйінің ұжымы өз жұмыстарын жаңа леп, жаңа толқында жалғастыруда.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Подсолнечное масло «Меңдіқара май» пользуется спросом не только в Мендыкаринском районе, но и далеко за ее пределами

Как обстоят дела на предприятии, где и по какой цене можно приобрести продукцию «Меңдіқара май», узнали корреспонденты районной…

3 дня ago

Для многих мендыкаринцев сбор лесных ягод – не только традиция, но и источник дополнительного дохода

В нашем районе щедрые леса скрывают настоящие сокровища: смородину, вишню, малину, землянику и многие другие…

4 дня ago

В Мендыкаринском районе появились модульные ветеринарные пункты

В селах Михайловка и Молодежное завершено строительство модульных ветеринарных пунктов. (далее…)

2 недели ago

В центре села Буденновка Мендыкаринского района установили новый арт-объект

Идею с признанием в любви к родному краю воплотили в реальность местное ТОО и неравнодушные…

2 недели ago

В райцентре Мендыкары активно ведется работа по замене тепловой магистрали по улице Летунова

О ходе ремонтных работ рассказал руководитель ЖКХ Арман Хасенов. (далее…)

2 недели ago

В районном центре Мендыкары ремонтируют тротуары, устанавливают лавочки и уличные тренажеры

Реализация проекта направлена на создание безопасного, удобного и благоустроенного общественного пространства для жителей и гостей…

4 недели ago

This website uses cookies.