Ата-бабамыз қашаннан ұрпағына барлық тәрбиені өз отбасында берген
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі бойынша бала бойындағы өнерге дем беріп, ұлттық аспаптардың құлағында ойнауына да демеу бола білген. Осы қағиданы берік ұстанып, атадан балаға мирас етіп домбыра сыйлап отырған ауданымыздың тұрғындары, берекелі шаңырақ Хасеновтер әулеті десек артық айтпаған болармыз. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында біз де қазақ өнерін насихаттап жүрген отбасын оқырман қауымға таныстырғанды жөн көрдік.
Бүгінде киелі сахнада ұлттық құндылығымызды дәріптеп, әрбір мерекенің сәнін қазақтың қара домбырасымен және көненің көзі болған жетіген аспабында ән салып жүрген апалы-сіңілі Анель Хасенова мен Айсәуле Хасеннің есімдері тыңдарман қауымға етене таныс.
Аналары Жанардың айтуынша Анель мен Айсәуленің ұлттық аспапқа деген қызығушылықтары отбасының құндылығы бола білген қара домбырадан бастау алған. Әу, демейтін қазақ жоқ демекші аталары Серік Бәкірұлы да жастайынан домбыра шертіп кейін оны өз баласы Талғатқа үйретеді. Міне, бірнеше жылдардан соң сол домбыраны Серік ағамыз немересі Айсәулеге тарту етіп, батасын берген екен. Кішкентай Айсәуле бүгінде аудандық музыка мектебінің шәкірті, домбыра сыныбымен қоса вокалдан да дәріс алуда. Ал, немеренің үлкені Анель алғаш рет жетіген аспабын қолына ұстатып, әрбір нотасын ерекше ықыласпен үйреткен ұстазы Әсем Искаковадан Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінің қабырғасында дәрісін жалғастырып келеді. Болашағы жарқын өреннің арманы асқақ. Болашақта үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандайтын Анель бүгінде облыстық сахналарда бой көрсетуде. Жуырда аудан төрінде Алтын Орданының-550 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальде Анель мен Айсәуле қалың көрермен алдында өнер көрсетіп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.
Әкелері Талғат пен аналары Жанар мемлекеттік қызметкер болғанмен де балаларының өнер саласына деген ынта-ықыластарына қолдау білдіріп, қашанда жандарынан табылады.
– Отбасымызда апаларының ізін жалғап Даниал есімді кішкентайымыз да ер жетіп келеді. Кішкентай болғанымен ол да мектеп табалдырығын аттағалы өнерден құр алақан еместігін байқатты. Қыздарымызды өнерге баулып, баламыздың бойындағы талантты ұштай білген Анель мен Айсәуленің ұстаздары Әсем Искакова, Мейір Нұрмұхамбетов пен Марат Утегеновке айтар алғысымыз зор, – дейді аналары Жанар өз сөзінде.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Олай болса балаларының болашағынан зор үміт күтіп, олардың өнер айдынында еркін қалықтауына ата-ана мейірімі мен қолдауын білдіруден еш аянбаған Хасеновтер отбасы көпке үлгі болары хақ.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Несчастный случай произошел сегодня в с.Боровское, Мендыкаринского района. (далее…)
Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…
Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)
Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)
Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…
Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…
This website uses cookies.