Өнерлі өрен – Анель мен Айсәуле

Ата-бабамыз қашаннан ұрпағына барлық тәрбиені өз отбасында берген

Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата дәстүрі бойынша бала бойындағы өнерге дем беріп, ұлттық аспаптардың құлағында ойнауына да демеу бола білген.  Осы қағиданы берік ұстанып, атадан балаға мирас етіп домбыра сыйлап отырған ауданымыздың тұрғындары, берекелі шаңырақ Хасеновтер әулеті десек артық айтпаған болармыз. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі қарсаңында біз де қазақ өнерін насихаттап жүрген отбасын оқырман қауымға таныстырғанды жөн көрдік.

Бүгінде киелі сахнада ұлттық құндылығымызды дәріптеп, әрбір мерекенің сәнін қазақтың қара домбырасымен және көненің көзі болған жетіген аспабында ән салып жүрген апалы-сіңілі Анель Хасенова мен Айсәуле Хасеннің есімдері тыңдарман қауымға етене таныс.

Аналары Жанардың айтуынша Анель мен Айсәуленің ұлттық аспапқа деген қызығушылықтары отбасының құндылығы бола білген қара домбырадан бастау алған. Әу, демейтін қазақ жоқ демекші аталары Серік Бәкірұлы да жастайынан домбыра шертіп кейін оны өз баласы Талғатқа үйретеді. Міне, бірнеше жылдардан соң сол домбыраны Серік ағамыз немересі Айсәулеге тарту етіп, батасын берген екен. Кішкентай Айсәуле бүгінде аудандық музыка мектебінің шәкірті, домбыра сыныбымен қоса вокалдан да дәріс алуда. Ал, немеренің үлкені Анель алғаш рет жетіген аспабын қолына  ұстатып, әрбір нотасын ерекше ықыласпен үйреткен ұстазы Әсем Искаковадан Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінің қабырғасында дәрісін жалғастырып келеді. Болашағы жарқын өреннің арманы асқақ. Болашақта үлкен сахналарда өнер көрсетуді армандайтын Анель бүгінде облыстық сахналарда бой көрсетуде. Жуырда аудан төрінде Алтын Орданының-550 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальде Анель мен Айсәуле қалың көрермен алдында өнер көрсетіп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Әкелері Талғат пен аналары Жанар мемлекеттік қызметкер болғанмен де балаларының өнер саласына деген ынта-ықыластарына қолдау білдіріп, қашанда жандарынан табылады.

– Отбасымызда апаларының ізін жалғап Даниал есімді кішкентайымыз да ер жетіп келеді. Кішкентай болғанымен ол да мектеп табалдырығын аттағалы өнерден құр алақан еместігін байқатты. Қыздарымызды өнерге баулып, баламыздың бойындағы талантты ұштай білген Анель мен Айсәуленің ұстаздары Әсем Искакова, Мейір Нұрмұхамбетов пен Марат Утегеновке айтар алғысымыз зор, – дейді аналары Жанар өз сөзінде.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Олай болса балаларының болашағынан зор үміт күтіп, олардың өнер айдынында еркін қалықтауына ата-ана мейірімі мен қолдауын білдіруден еш аянбаған Хасеновтер отбасы көпке үлгі болары хақ.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

1 день ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 день ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

2 дня ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

5 дней ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

1 неделя ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.