Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің жоспарына сәйкес, еліміздің әр мектебінде өз мамандығының үздігі атанған тұлғалармен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Қоғамдық шараларға белсенді қатысатын шекара сақшыларының өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жұмыстарына жүйелі түрде қатысып жүргенін білеміз. Осы жолғы шарадан да қостанайлық шекарашылар тыс қалмады.
Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназиясы ұжымының бастамасымен Қостанай Департаментінің тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмысы бойынша бөлімінің басшысы подполковник Дарын Кекілов онлайн кездесті. Ол 9-11 сынып оқушыларына шекарашы мамандығы туралы кең көлемде әңгімелеп берді. Департаменттің бас тәрбиешісі оқушыларға сұхбатын “ерлік”, “батырлық” туралы түсінік беруден бастады. Содан кейін әр оқушы қазірден-ақ болашақтағы мамандығын анықтауы қажеттігін айтты. Таңдаған мамандығына байланысты қажетті пәндерді терең меңгеру керектігіне де тоқталды. Дұрыс мақсат қоя білген, сол жолда маңдай терін аямай төккен оқушыдан келешекте жақсы маман шығатынын түсіндірді.
Тізбекті ойын сараптай келе, сөз соңында:
– Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Әрине, егемендік бізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда бірнеше ғасырларды артқа тастап, көптеген жылды сарып еттік. Батырлықтарымен есте қалған ерлеріміздің ерліктерін халық ауыз әдебиетінен, әдеби оқу құралдарынан білеміз. Оған тарих куә. Елім, жерім деп ұлтарақтай жері үшін қазақтың небір батырлары өз өмірін қиды. Қанды шайқастарда қаза тапты. Бізге еліміздің әр тарихи оқиғасы қымбат. Ұлтымыздың басына күн туған кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті.
Шекарасы шегенделген еліміздің мемлекеттік шекарасын күзету ісіндегі даңқты шекарашылардың жауынгерлік қызметтері қашанда абыройлы. Сондықтан да әскеріміздің қандай түрі болмасын ер адам үшін ардақты қызмет деп айта аламын. Қару алып, әскер қатарында болу, елінің тыныш өмірінің күзетшісіне айналу – әр азаматымыздың перзенттік парызы мен міндеті, – деді Дарын Нұрақынұлы.
Майор Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы
бойынша Департаменті.
Суреттерді түсірген автор
Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…
Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…
Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…
Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)
Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…
Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)
This website uses cookies.