Жеті қазынаның қатарына жататын иттірдің адам өмірінде алатын орны ерекше
Жәй ғана аулаға бөтен адам кіргенде белгі берсін деп қолға ұстаудан бастап, кей жандар үшін жанұя мүшесіне дейін дәрежесі көтерілген иттерді де естіп, көріп жүрміз.
Өз кезегінде төрт аяқты «ақылды» жануарлардың адал қызметтерінің арқасында көптеген кісілердің өмірлеріне қауіп төнген сәттерде араша түсіп, жандарын аман алып қалған деректері де молынан кездеседі.
Иә, шынымен де, әсіресе, жер үй тұрғындарының ауласында бір күшіктің өзі шәуілдеп тұрса, қожайыны үші кәдімгідей иес болары сөзсіз…
Біз бүгін Шекара қызметінің сапында мемлекеттік шекарада жауынгерлік қызмет атқарып жүрген қызметтік иттер туралы сөз қозғамақшымыз. Соның ішінде Қостанай облысы бойынша Департаментінің қарамағындағы шекара бөлімдері мен шекара бөлімшелеріндегі шекарашының төрт аяқты серіктері туралы. Олардың барлығы күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курсатарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы шекара бұзушыларды анықтауға мамандандырылған қызметтік иттер…
Күн көкжиектен қызара батып, көз байлана бастаған кез. «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде шекара аспақшы болған көліктер мен адамдардың кезегі белгіленген тәртіппен ұйымдастырылуда. Ресей Федерациясына жолға шыққан отандасымыздың қол жүгін тексеру кезінде «Зита» қызметтік иті иесіне белгі бергендей шоқиған күйде отыра қалды. Өз ісінің кәнігі шеберіне айналған қатардағы С.Шотяков та қызметтік жануардың іс-әрекетін бірден түсінді. Қазақстан Республикасының азаматына жалпы кезектен бөлек шығуын өтінді. Жолаушыға қол сөмексі мен қалталарына салған заттарды шығаруын өтінді. Әр сөзін күмілжей сөйлеп, іс-әрекеті күмән туғызған азаматтың қол жүгімен қатар қалталарына салынған оқай-соқай заттарын да алдында тұрған үстел үсітне шығарып, күрделенген тексеру жүргізді. Қызметтік иттің бұл жолғы топшалауы да шындыққа айналады. Аталмыш азаматтың қалтысанда шекара сақшыларынан жасыра, шекарадан асырмақшы болған өзіндік иісі бар, жасыл түсті гашиш есірткісі болуы мүмкін зат табылады. Жалпы салмағы 5 грамм. Иә, біреулер үшін сөз қылуға тұрғысыз мөлшер шығар. Дегенмен шекарадан алып өтуге тыйым салынған есірткі затын жасырып өтпекші болған тұлғалардың қара ниетін әшкере қылудың өзі – даңқты шекарашылардың өз қызметтерін жіті атқаратындығының дәлелі. Мұның өзі бір түйір есірткі затын шекарадан асыруға жол жоқтығының көрінісі.
«Тобол» шекара бөлімшесінің жасылкүнқағарларға жергілікті тұрғындардан ақпарат түседі. Түскен ақпарат бойынша шекараға жақын маңда белгісіз адамның жүргені мәлім болады. Мұндай жағдайда шұғыл түрде іске көшетін әскери ұжымның басшысы жеке құрамын «Қаруға» пәрмені бойынша көтереді. Топ жетекшісі өзі. Аға сержант М.Бралин «Кабриолет» іздеу итін жетектеп шығады. Олар тез арада шекараны бетке алған бойына жолға шығады. Ерікті жасақтың берген мәліметі бойынша бөтен адамды көрген жерге келген бойы «Кабриолет» іздеу итін жібінен босатып, ізге түсіреді. Араға көп уақыт өтпестен талай шекара бұзушысын ауыздықтап үйренген шекарашының төрт аяқты серігі шекаралық режимнің талабын бұзған Ресей Федерациясының азаматын тал түбіне тығылған жерінен тауып береді. Міне, шекара сақшыларының қызметтік иттерінің дәлелі ретінде, жауынгерлік қызметтегі адал жұмыстарының екі дерегі осылай өрбіген болатын. Менің мысалға көрсетіп отырған қызметтік иттердің шекара талаптарын бұзуға талпынған азаматтарды ұстау дерегі көптің ішінен бірең-сараны ғана…
Оның алдыңғы жылдарды қоспағанда Қостанай облысы бойынша Департаментінің жеке құрамымен шекара бұзуға талпынған тұлғалардың іс-әрекетінің алдын алу дерегі қырыққа жуығы анықталған болатын.
Бүгінгі күні шекарадан өтуші тұлғалардың көлік құралдары мен қол жүктерін тексеруге және далалық жерлерде шекара бұзушының ізіне түсуге неміс және бельгиялық овчаркалары мен лабрадор қызметтік иттері пайдаланылады. Бірнеше ғасырдан бері қолға үйренген жабайы иттерден бастау алатын түз тағысының ұрпағы бүгінгі күні арнайы бағыттағы оқу-жаттығулардан өткен мамандығына төселген кәсіби иттерсіз қазіргі кезде жауынгерлік қызметті елестету мүмкін емес.
Жауынгерлік қызметте шекара сақшыларының сенімді серігіне айналған, бірнеше рет шекара бұзушыларға тосқауыл болған қызметтік иттердің қатары көп. Солардың тізімінде Қостанай облысы бойынша Департаментінің қарамағындағы «Қайрақ» (автокөліктік) шекара бөлімінің иісшіл иттердің бірі – Мая. Аталмыш қызметтік иттің жетекшісі «Қайрақ» (автокөліктік) шекара бөлімінің аға нұсқаушысы кіші сержант Қайрат Валиев. Мая қызметтік итінің өткен жылғы жауынгерлік қызметіне көз жүгіртер болсақ, көліктер мен жүктерді тексеру кезінде шекарашының төрт аяқты серігі бір жылда он бес шақты тұлғаның түрлі мөлшердегі есірткі затын алып өтуге талпынған дерегінің алдын кескен.
Тыйым салынған есірткі затымен шекара асқысы келген жандар жасырғанын түрлі жерге жасырып өткісі келеді екен. Мәселен, бірі сыртқы киімінің төсқалтасына, енді бірі жазғы киімнің қалтасына жасырады. Кейбірі әмиянының ішіне, ал біреуі шылымға арналған қорапшаға жасырған күйі өтуді ойлайды. Сонымен қатар көлігінің қиын қуыс-түйісіне тығып, тексерушілерден өтіп кетуді де мақсат тұтатындар бар. Дегенмен Мая секілді есірткі затының барлық түрін анықтауға арналған арнайы жаттығулардан өткен мамандандырылған қызметтік иттер тұрғанда олардың жаман ойларының іске аспасы белгілі.
Манарбек Қарекенов,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор
Қарашаның 14 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің төрінде «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән…
Об этом рассказал начальник отделения криминальной полиции Мендыкаринского района Александр Желтоножко (далее…)
Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность Владимиру Леонову за активное участие в проведении республиканского референдума по строительству…
Многожанровый фестиваль проходил в областном центре и собрал порядка ста участников (далее…)
Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)
Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…
This website uses cookies.