Отан отбасынан басталады. Өнерлі отбасы Болатовтар жайлы сыр шертеміз

Аудан тұрғындары Тобыл мен Нұржамал Болатовтар «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезенінің төртінші қатысушылары.

Отбасы дегеніміз – ол адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті қара шаңырағы. Біздің Меңдіқара жерінде ғасырлар бойы ұрпақ сабақтастығы жарасымды жалғасын тауып келеді. Ел ішінде құрметке бөленген, ардақты, өнегелі отбасылар баршылық. Сондықтан да жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауының мәні артуда.

Шара мақсаты – отбасы институты, адамгершілік, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыра отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау.

Осы орайда біз, ауданымызға танымал, өнерлі де өнегелі отбасыларымыздың бірі Болатовтар әулеті жайлы сыр шертпекпіз.

Шаңырақ иесі Тобыл Болатов пен отанасы Нұржамал Болатова 1979 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы опера-баллет театрында танысып, 1980 жылы шаңырақ құрған. Бүгінгі таңда 4 ұл, 3 қыз баланы тәрбиелеп, 16 немеренің ардақты ата-әжесі.

-Мен 1961 жылы Қаратал ауылдық округіне қарасты Төлеңгіт ауылында дүниеге келіп, сол өңірде өсіп өнгем. 1979 жылы өнер жолын таңдап, Алматы қаласына аттанып, сол қаладағы Абай атындағы опера-баллет театрына хор әртісі мамандығы бойынша оқуға түсіп, болашақ жұбайыммен таныстым. Бір жылға жуық уақыт қыз-жігіт болып достасып, көп ұзамай шаңырақ көтердік. Бір топта бірге оқып, таныстығымыз үлкен махаббатқа ұласып, қазіргі таңда үлкен әрі үлгілі отбасылардың біріне айналдық. Біздің отбасының басты құндылығы бір-бірімізге сыйластықпен әрі кешіріммен қарай білу. Айрандай ұйып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, балаларға дұрыс тәлім-тәрбие беру жолында ата-ананың бір-біріне деген сыйластығы мен татулығы үлкен рөл атқарады – дейді Тобыл Батенұлы

Болатовтар отбасы ауданымызға қарасты Михайлов ауылдық округінің тұрғындары. Шаңырақ иесі Тобыл Болатов Михайлов ауылдық мәдениет үйінде мәдениұйымдастырушы болып жұмыс жасайды. Отағасы мен отанасы ауданымыздағы мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген жандардың бірі. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде өз өнерін елге паш етіп жүрген аудан мақтаныштары.

Отанасы Нұржамал  Өтешқызы Атырау облысының тумасы. Қазіргі таңда, зейнеттік еңбек демалысында отырған аяулы ана, ардақты әже.

-Жолдасым екеуміз шаңырақ көтерген жылдары арамызда түсініспеушіліктердің болғаны рас. Сондай уақыттарда бір-біріміздің жанымыздан табылып,  қолдау білдіріп, бір-бірімізге сыйластықпен қарағанымыздың арқасында, 44 жыл бірге өмір сүріп келеміз. Әйел адамының мойнына жүктелетін міндеті өте ауыр ғой. Сол себепті, жас келіндерге айтар ақылым, жанындағы ер азаматына құрмет көрсетіп, сый-сыяпатқа бөлесең, өзіңе деген құрметті арттырып, шаңырағыңды қуаныш пен бақытқа айналдырасың. Біздің балаларымыз бір-біріне өте бауырмал болып ер жетті. Бала кездерінен демалыс, туған күн сынды атаулы күндерді отбасымызбен атап өтуді бойларына дарыттық. Мерекелік дастархан жайып, немерелерімізбен қауышып, бір-бірімізбен әңгіме-дүкен құру отбасымыздың дәстүріне айналған, – дейді Нұржамал Болатова

Отбасының тұңғыш ұлы Алмас, Алматы қаласында банк қызметкері. Үлкен қызы Индира қазіргі таңда декреттік демалыста, 5 баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана. Екінші қызы Роза медицина қызметкері болса, Ардақ пен Ақмарал өз салаларының үздігі. Отбасының кенже балалары Азат пен  Адай ата-ананың жолын жалғаған өнер адамдары. Азат Тобылұлы аудан орталығындағы «Юбилейный» мәдениет үйінің өнерпазы, аудан намысын халықаралық, республикалық деңгейдегі сайыстарда қорғап жүрсе, кенже ұлдары Адай, Алматы қаласында вокалдан сабақ беріп, өз бағын кино, өнер саласында сынап жүрген азамат. Азат пен Адай республикалық-телебағдарламалық  Х-фактор жобасының қатысушылары.

-Мен әрдайым жаңадан қосылған жас отбасыларға, ер азаматтарға әйел адамын бағалау, сыйлау, аялау жайлы көп айтамын. Себебі, ер азаматым үшін деп туып-өскен әулетін, барша жамағатын тастап келіп отырған жұбайыңа қалай сыйластық танытпайсың?! Балаларымның анасы, немерелерімнің әжесі, шаңырағымның берекесі, мен үшін сонау Атыраудан келген жұбайыма мен ризамын әрі әрдайым сыйластықпен, құрметпен қарауға тырысамын, – дейді Тобыл Болатов

Берекесі мен бірлігі, сыйластығы мен татулығы жарасқан Болатовтар отбасы барша отбасыларға үлкен үлгі болары анық. Бүгінгі біздің кейіпкерлеріміздің отбасыларына амандық, дендеріне саулық, алдағы жоба барысына сәттілік тілейміз.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы «Отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы шеңберінде «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімінің» ММ тапсырысы бойынша іске асты.

Ақжан БАЙТҰРСЫНОВА

Редактор

Recent Posts

С рабочим визитом Мендыкаринский район посетили депутаты облмаслихата и сенаторы Парламента РК

Они побывали на молочно-товарной ферме, предприятии по производству подсолнечного масла, в реабилитационном центре имени Карабаева…

7 дней ago

Профессионально – технический колледж им.К Доненбаевой в Мендыкаринском районе открывает двери в мир рабочих профессий

Учебное заведение является основным поставщиком кадров для агропромышленного комплекса. (далее…)

1 неделя ago

Плюс один арт-объект появился в районном центре Мендыкары

Композиция «Кобыз» стала подарком к 95-летия района от местных властей (далее…)

2 недели ago

Анна Колпакова из Мендыкаринского района на протяжении 40 лет создает настоящий цветочный рай у себя во дворе

Двор Анны Петровны - это не просто участок земли, а живая, дышащая картина, написанная красками…

2 недели ago

 Почетным званием и подвеской «Күміс алқа» отмечена жительница Мендыкаринского района Татьяна Сорока

Знак «Күміс алқа» многодетная мама Татьяна Васильевна получила за воспитание шестерых детей. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.