Categories: Новости

Отан отбасынан басталады

Отбасының бақыты қашанда сыйластық пен өзара түсіністік пен бір-біріне деген қолдаудан тұратыны ақиқат

43 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан Меңдібай ағай мен Роза апай талай жыл адал еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікте бала-шаға, немерелерінің қызығына бөленіп отырған жандар.

Меңдібай ағай мен Роза апай 1976 жылы бас қосып, отбасын құрған екен. Ол кезде апай Ы.Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық училищесін аяқтап, жолдама арқылы Қаратал орта мектебіне жас ұстаз ретінде орналасқан шағы.  Ал, Меңдібайдың ағай туған жері Қаратал совхозында токарь болып еңбек етіп жүрген шағы. Сол уақыттан бері өмірдің қазығы мен шыжығын бір көріп, өмірде де еңбекте де бір-біріне демеу бола білген олар бақытты бағалай білді.

Роза апайымыз 40 жылдан астам бір ғана Қаратал орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, сол ортадан зейнеткерлікке шықты. Біліктілгі мен білімінің арқасында талай жетістіктерді бағындырып, көптің құрметіне бөленген, жоғары санатты ұстаз бола білді. Ұстаздық жолда талай шәкірттің жүрегіне жол таба білген, мейірімділігі мен бойындағы қарапайымдылығы алдына келген әр баланы махаббатқа бөледі. Ізіне ерген жас мамандарға жанашырлық танытып, тәлімгер, ақылшы болды. Сондай-ақ, Роза апай  жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отыра, жаңа ақпараттық технологияларды жүйелі қолдану арқылы әріптестеріне үнемі үлгі бола білді. Білімін жетілдіру мақсатында жоғары оқу орынында да білім алды. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дегендей, бүгінде апайдың алдынан тәлім-тәрбие алған оқушыларының алды білім беру саласында қызмет етуде.

Ұлағатты ұстаз отағасы Меңдібай ағайменен екеуі еліне адал еңбек етіп келе жатқан екі қыз бен, бір ұл тәрбиелеп, қатарға қосты. Үлкен ұлдары Макенжай мен қыздары Раура құрылыс саласының майталмандары, кіші қызы Данагүл анасының жолын қуып тіл маманы атанды. Алешин негізгі мектебінде 10 жылдан астам уақыт қызмет жасап келеді.

Бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған ағай мен апай Қаратал ауылынан аудан орталығына қоныс аударған. Бос уақыттарын тек немерелеріне арнайды. Сонымен қатар жаз мезгілінде үй маңына бау бақша егіп, құс өсірумен айналысады. Ағай күнделікті аудан, облыс жаңалықтарын газет-жорнал арқылы оқып-біліп, қоғам өмірінен хабардар болып отырамын – дейді.  Роза апай талай жылғы ұстаздық қызметтен соң тігін машинасының құлағына отырып, өзінің  сүйікті ісіне де уақыт тауып жатқандығын айтады.

Біз бірлігі мен берекесі жарасқан Абдрахмановтар отбасының алдағы уақытта алтын тойға аман-есен жетуін тілейміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.