Отбасы – бақыт мекені

Мықты қоғам, жақсы отбасыдан құралады

Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі, бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін  қазіргі қоғамдағы негізгі  іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Мерекесі қарсаңында біз ауданымыздың тұрғындары, көпбалалы, берекелі отбасы Алтынбек Нұрбек пен Ақмаралдың шаңырағында болып қайттық. Татулықты ту ете отыра, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін бұл шаңырақ бүгінде көпке үлгі бола алады. Қазақта бір қозы туса бір түп жусан артық шығады деген  мағынасы зор нақыл сөз бар. Бұл отбасы да мемлекетіміздің көпбалалы отбасыларға жасап жатқан қамқорлығы мен қолдауын сезінуде.

Отағасы Нұрбек Меңдіқара ауданы бойынша пробация бөлімінің басшысы, жұмыс барысы бойынша көп уақыты қызметте өтеді. Елімізде орын алған төтенше жағдай кезеңінде де жұмысқа жауапкершілікпен қарап, әрдайым қызмет орнынан табыла білді.

Жалпы әлем болып күрескен қиын кезеңде отанасы Ақмарал да жолдасы мен балаларына қолдау білдіре білді. Бүгінде бала күтімі демалысында отырғанымен үйдің үлкендерінің қашықтықтан білім алуына да қолқабыс ету Ақмаралдың бір міндетіне айналды. Отбасында кішкентай бүлдіршін Әлиден басқа мектеп жасындағы  Шұғыла, Томирис, Диана есімді қыздары оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтықтан білім алуда. Бұрындары таңертеңгілік қыздарын мектепке шығарып салатын аналары енді олардың уақытылы сабаққа қатысуларын үйден бақылап, кейбір тұста көмек беріп қамқорлық танытуда.

– Төтенше жағдайға байланысты балалардың қашықтықтан сабақ оқып, үйде болулары бала мен ата-ана арасындағы байланысты жақындастыра түскендей. Сондай-ақ, отбасы құндылықтарын берік ете бастағандай әсер алдық. Бүгінгі таңда көптеген ата-аналар еңбек ете жүріп балаға көңіл бөле алмай жатады, осы бір мезет отбасын бір арнаға шоғырландырып, бір-бірімізге қамқор бола білуге үйреткендей. Бұл қиындықты да ел болып өткеріп,  әлі-ақ, жақсы күндерге жетеміз деген ойдамыз – дейді, Ақмарал.

Отағасы Нұрбек пен Ақмарал дінге берік, пейілдері кең, жан-жағына қамқор бола білетін жандар. Әрдайым жақсылыққа жаны құштар отбасы Қасиетті Рамазан айында әрдайым қайырымдылық жасауға асығып отырады. Биылғы жылдың қасиетті айында да төтенше жағдайға байланысты аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен ораза тұтып, ауыз бекіткен ағайынға ауыз ашар қоржындары таратылған болатын. Осындай теңіздей игі іске тамшыдай болса да өз үлестерін қосқан отбасының бірі осы Алтынбек Нұрбек ағамыздың жанұясы.

Қоғамның іргетасы отбасынан басталады. Сондықтан отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да соншалықты мықты болады. Яғни, мықты қоғам, жақсы отбасыдан құралады.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

1 день ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

1 день ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

1 день ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 дня ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

2 дня ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

3 дня ago

This website uses cookies.