Биылғы жылы құрбан айтымыз карантинге келсе де,ауданымызда 3 нысанда арнайы құрбандық шалынды
Және шалынған құрбандық малының еттерін көпбалалы отбасылармен мұқтаж кісілерге айттан тәбәрік ретінде тарқатылып берілді.
Құрбандық шалынған нысандарда екі ірі қара малымен төрт қой шалынды, және ол малдың еттері шариғат талабына сай сойылып, жіліктелініп, пакеттерге салынып, тиісті кісілерге табысталынды.
Биылғы жылы құрбан айтта арнайы мал шалып, елге өз пейілдерімен құрбандық малының етін үлестіруге атсалысқан жандар аудан әкімі Қатарбеков Нұрлан Жеңісұлы және әкімшілік қызметкерлері мен “ТОО Олжа” шаруашылық қожалығы басшысы Аслан Сәлімжанұлына алғысымызды айтамыз. Жалпы ауданымызда шамамен 320 кг ет, 66-отбасыға шалынған құрбандық малының еті тарқатылды десек қате айтпаған болармыз.
Және осы құрбандық етін өз еріктерімен машина шығарып апарысуға өз үлесін қосқан азаматтарғада ауданымыздағы алғысымыз шексіз.
Жаратқан иеміз сізбен бізді осы құрбан айтынан келесі жылдың құрбан айтына аман-есендікте жеткізуді нәсіп етсін. Халқымыз аты жаман індеттен аман-есен құтылып, ауырмай-сырқамауларыңызды Алла Тағаламыз нәсіп етсін дейміз. Еліміз берекеге, алдымыз-мерекеге толсын деп айтамыз.
Игі тілек білдіруші: «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы
Қошан Еркебұлан
Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…
На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
This website uses cookies.