Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамының бірінші күні шілде айының 31-не тұспа-тұс келіп тұр.

Құрбан айт барша мұсылманның ұлық мейрамы! Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болып, Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), Оның (с.ғ.с.) жанұясына, сүйікті сахабаларына және оларға ізгілікте ерген барша момын мұсылмандарға Жаратушы Иеміздің сансыз салауаты мен сәлемі болғай!

«Айт» сөзі араб тілінен аударғанда «қайта оралу» деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрамның айт деп аталу себебі, ол жыл сайын қайта айналып келіп отырады. Айт – мұсылмандар үшін Жаратушымыздың разылығына жету мақсатында құлшылық жасап, өзара реніш, араздықтарын жойып, бауырластық сезімдерін күшейтетін маңызды мейрам. Биылғы жылы Құрбан айт мейрамының бірінші күні шілде айының 31-не тұспа-тұс келіп тұр. Бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Алла Тағала барша мұсылман үмметі үшін осынау қасиетті күндерді берекелі әрі сауапқа кенелетін күндерден қылғай!

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп.

Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарымызға: «Намаз оқы және құрбан шал» – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген.

Пайғамбарымыз «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп бұйырған.

Құрбан шалу кімге уәжіп?

Құрбан шалу уәжіп болу үшін төмендегі мына шарттар болуы қажет.

  1. Мұсылман болу;
  2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау;
  3. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

Ескерту: Нисап мөлшерінде артық қаражаты болмаса да кедей мұсылман кісінің құрбан шалуына болады. Шалған құрбандығы нәпіл құрбан үкімінде болады.

Құрбан шалудың уақыты:

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Қандай да бір маңызды шариғи себепке байланысты құрбан айт намазына бара алмай, айт намазын оқымаған кісі намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Айт намаздан бұрын шалынған мал құрбандық болып есептелмейді.

Құрбандыққа жарамды малдар:

Қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал. Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.

Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мүбәрак болғай, ағайын. Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін. Жаратқан Иеміз құлшылықтарыңызды қабыл етіп, мақсат-мұраттарыңызды асыл еткей! Алла Тағала күллі мұсылман үмметін жарылқап, асыл дініміз – Исламға күш-қуат бергей! Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты болып, шалғалы жатқан құрбандықтарыңыз қабыл болғай! Әмин!

Ескерту!

1.Биыл елімізде айт намазының оқылмауына байланысты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның шариғат және пәтуаға жауапты қызметкерлері құрбан шалуды 31-шілде күні “ишрақ” яғни жергілікті жердің күн шыққаннан бір сағат өткеннен кейін бастауын мақұлдап, соған пәтуа берді.

Құрметті меңдіқаралықтар!

2.Қостанай облысы бойынша тек шілденің 31-і күні ғана құрбан шалынады, мал сатуға және сатып алуға да тек сол күні рұқсат етіледі. Өйткені 1-ші, 2-ші тамыз демалыс күндері локдаун болғандықтан құрбан шалуға да мал сатуға жене сатып алуға рұқсат жоқ. Осыны қаперлеріңізге алып қойыңыздар!

  1. Елімізде орын алған карантиннің сақтық шараларын мереке күндері де қатаң сақтауларыңызды өтінеміз!

31-ші шілде күні таңғы сағат 7:30 – дан бастап кешкі күн батқанға дейін құрбан шалуға болады.

Меңдіқара ауданы «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің бас имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы

Редактор

Recent Posts

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

4 дня ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

2 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

В КФФ раскрыли подробности будущего Адиева

Главный тренер сборной Казахстана Магомед Адиев возглавил клуб РПЛ «Ахмат» 5 апреля 2024 года. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.