Биік парасатты ақиық азамат, аса көрнекті жазушы, сөз зергері Биімбет Майлиннің туғанынан 125 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханасында әдебиет сүйер қауым ортасында «Ұлы өзгерістер шежіресі» атты іс-шара өтті.
Жиылған қауымға Ғ. Жұмабаев атында Боровской орта мектебінің оқушыларының сахналауында «Шұғаның белгісі» пьессасынан үзінді ұсынылды. Первомай орта мектебінің талантты оқушылары көрерменге Бейімбет Майлиннің «Алғашқы сабақ» әңгімесінен үзіндіні тарту етті.
Жазушының өлеңдерін Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушылары Гүлсезім Темірбекова, Ажар Мұхаметқали, Первомай орта мектебінің оқушылары Виктория Арбузова нақышына келтіре оқып берді.
Қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметовтың Бейімбет Майлинге арнауын Маржангүл Жанайдарова тату етті.
Бұл кеште Бейімбет Майлиннің «Сары ала тон» әңгімесі желісі бойынша орталық кітапхананың библиографы Наталья Козлова буктрейлер жасап, оқырман қауымға экран арқылы ұсынды.
Зұлматтың жазықсыз құрбаны болғандардың бірі, қазақтың зиялы перзенті, әдебиет пен журналистика саласында баға жетпес мол мұра қалдырған, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, қайталанбас жазушы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы жайында бұл кеште кеңінен әңгімеленді.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)
Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…
В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…
This website uses cookies.