Әсемгүл Хасенова дастарханы берекелі, аспаздық қыры мен өз алдына ерекшелене білген отанасы

Жұмыспен  бірге отбасының қамын қатар ойлап  жаз бен күз мезгілінде нағыз табиғи дәрумендермен  қоймасын толықтыруда

Биылғы жылы отағасы Болат пен Әсемгүлдің  шаңырақ көтергендеріне де он төрт  жыл толып отыр.  Тұңғыштары Әділет алғаш мүшел жасқа  толып, ата-анасының қолқанаты болды. Әділеттің соңынан ерген бауыры Махаббат 2 сынып оқушысы, ал шаңырақтың кенжетайы Мөлдір  анасы еңбек ететін «Жас Әлем» бөбекжай балабақшасының  тәрбиеленушісі.

– Отбасымызда үш бала тәрбиелеп отырғандықтан, әрдайым дастарханымыздың мол болуын, келген қонақты берекелі қарсы алуды ойлаймыз. Ол үшін ең алдымен еңбек ету керектігін әрдайым балаларға үлгі етіп көрсетіп отырамыз.  Жаздың шіліңгір шілдесі мен тамылжыған тамыз айларында өзіміздің табиғаты бай өлкеміздің жеміс-жидегін теріп, одан тосап, түрлі-түрлі компот  жабуды қолға аламын. Жолдасым да балалар да бұл ретте көмектерін  береді. Бірлесіп еңбектенеміз. Берекелі күз айы келісімен көкөніс консервілеуге кірісемін. Ең бастысы алты ай қыста дәруменге бай  табиғи өнімді тұтынамыз. Бұл дегеніміз денсаулықты нығайтып, иммунитеттің әлсіремеуіне көп көмегін тигізеді. Әсіресе елімізде орын алып жатқан пандемия кезінде бұл дәрумендердің  адам ағзасы үшін көп көмегі болады деген ойдамын. Сондай-ақ, тұмаудың алдын алуда дәруменге бай тосап түрлерімен кептірілген шөп шайлар көмектеседі – дейді, кейіпкеріміз.

– Сондықтан биылғы күзде қыстың қамын ертеден ойлап қоймамызды толықтырудамыз. Кез –келген отбасы қыс мезгіліне дайындалады деп ойлаймын – деді, Әсемгүл.

Осы ретте Әсемгүл біздің оқырмандарымызбен өзінің сүйікті қайнатпасы аджиканың жасалу жолымен бөлісті.

Аджика рецептісі: 1,5 кг қызанақ, 1 кг баклажан , 300 гр сарымсақ, 1 кг тәтті бұрыш, 3 тал ащы бұрыш, 1 стакан сұйық май, дәміне қарай тұз, 100 гр уксус.  Барлығын еттартқыштан өткізіп  1 сағат баяу отта қайнатасыз. Дайын болған кезде уксус қосып, стирильді банкаға салып қақпағын жауып, жылы орап қоясыз. Міне, бар болғаны осы.

Құрметті оқырман,  сізде күз берекесінен қалыс қалмаңыз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

10 часов ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

10 часов ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

11 часов ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

1 день ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

1 день ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

2 дня ago

This website uses cookies.