Шығармашыл ұстаз, өнерлі жан

Ұстаздықпен қатар, ісмерлікті серік еткен жан – Анара Брянова

Халқымыз ежелден ұлттық құндылығымызды қастерлеп, салт-дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай сақтаған. Әр қазақ әйелі қолдарынан ұршығын түсірмей, қажеттінің бәрін қолөнермен ұштастырған.

Бүгінгі кейіпкеріміз нағыз ісмердің өзі. Жүрек қалауына айналған өнерін, бүгінде  жас ұрпаққа үйретіп келеді.

Бала кезден ою пішіп, құрақ құрауға жақын болған Анара Жұмағалиқызы түрлі көрпеше, дорба, қоржын тігудің нағыз шебері. Оның қолынан шыққан бұйымдары көздің жауын алып, ерекше көрінеді. Оның өнері – жүрек қалауы. Әр бұйымын аса төзімділік және сүйіспеншілікпен жасап, бүлдіршіндерді де тәрбиелеп келеді.

Ол қазіргі таңда аудандық шығармашылық үйінде адал еңбек атқаруда. Алдына келген бүлдіршіндерді өнерге баулып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуда.

– Бала кезден кесте тігу, құрақ құрауға жақын болдым. Түрлі үйірмелерге қатыстым. Бойымдағы шығармашылықты дамытуға, шыңдауға анам түрткі болды десем артық айтпаған болармын. Әйел адамы болғандықтан өнерге жақын болу дұрыс деп ойлаймын. Балаларға да өте жақынмын. Бүгінде жүрек қалауыммен еңбек етіп, балапандарды тәрбиелеп келемін. Шығармашылық үйіне келетін балалардың бәрі талантты және дарынды. Бар білгенміді балапандарға үйретуге тырысамын – дейді шығармашыл ұстаз.

Ия, Анара Брянова өнерлі жан ғана емес, ол білікті педагог. Талантты балалардың өнерін түсініп, шығармашылығын шыңдау үстінде. Ізденімпаз ұстаз түрлі байқауларда да бағын сынап келеді. Жақын арада облыстық «Өнегелі ұстаз» байқауында бағын сынап, екінші орынға қол жеткізген екен. Ол оның еңбегінің жемісі екені де жасырын емес. Жас ұстаздың алдына қойған әлі де талай арман-мақсаты бар.

– Ұстаздар арасында өткен байқауға қатысып, бағымды сынадым, өзімді шыңдадым. Оңай болмады. Өз білімімізді, өнерімізді ортаға салып, таласқа түстік. Екінші орын бұйырды. Әріптестерім де, отбасым да маған үлкен сенім артты. Сол сенімнің, еңбектің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім. Алдағы күндерде де үлкен додаларда бағымды сынағым келеді,- деген ойын білдірді.

Алтын қолды ісмер, шығармашыл ұстаз Анара Брянова бір әулеттің келіні, аяулы ана, сүйікті жар. Жолдасы Ерлан екеуі қос перзенттерін тәрбиелеп отырған ардақты ата-ана. Бүгінде әкесіне қарап Тамерлан атты ұлдары өссе, аналарының өнерін бойына дарытып Айлана есімді кішкентай ханшайымдары өсіп келеді.

Өнер мен ұстаздық жолды ұштастыра білген Анараның отбасына береке-бірлік,еңбегіне мол табыстар тілейміз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

В центральном парке Мендыкаринского районного центра высадили 250 молодых сосен в рамках экоакции «Таза Қазақстан»

Ежегодно, с приходом весны, жители Мендыкаринского района активно включаются в работу по озеленению своей малой…

7 дней ago

Спасатели Мендыкаринского района отмечены медалью и сертификатами от Демократической партии «Ақ Жол»

Медалями «Апатпен күрескені үшін» были удостоены старшие сержанты гражданской защиты Кайрат Султанов и Темирлан Кульмухамбетов.…

1 неделя ago

В Мендыкаринском районе стартовал двухмесячник по санитарной очистке

Проводимое мероприятие в рамках общенациональной кампании «Таза Қазақстан», призван вернуть нашим населенным пунктам первозданный весенний…

2 недели ago

В Мендыкаринском районном филиале партии «AMANAT» отметили активных участников территориальной коалиции

Поводом для торжественного собрания стало чествование активных участников территориальной коалиции, чьи усилия сыграли ключевую роль…

2 недели ago

С начала пожароопасного периода в Денисовском районе зарегистрировано 5 случаев пожара

С наступлением весенне-летнего периода традиционно осложняется обстановка с пожарами. (далее…)

2 недели ago

Дорога в Загаринку: спустя 45 лет ожиданий в Мендыкаринском районе начнется ремонт

Жители приграничного села Загаринка, годами жаловавшееся на бездорожье, наконец дождались перемен. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.