Отбасы тақырыбы бүгінгі күннің түйіткілді мәселесінің бірі
Бүгін біз қоғамда ерекше мән – мағынаға ие, алар орны биік отбасы тақырыбындағы тәрбиелік мәні зор сұхбат аясында арнайы аудандық Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешітінің бас имамы Еркебұлан Жаңбырбайұлына жолыққан болатынбыз.
– Еркебұлан Жаңбырбайұлы өз басыңыз отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесіз?
– Отбасы құндылығы дегеніміз бірінші кезекте ерлі-зайыпты адамдардың бір-біріне деген сыйластығынан тұрады деп білемін.
Бір ауыз сөзбен айтқанда ері отбасының қамын жеп, әйелі ерін сыйлап отбасының ұйытқысы бола білуі қажет.
– Өз отбасыңызды жеке дара таныстырып өтсеңіз.
Отбасымда 3 жанбыз, жұбайымның есімі Ақбота және 1 жасар қызымыз бар.
– Негізі дінімізге, салт-дәстүрімізге сай отбасындағы бала тәрбиесі неден бастау алуы қажет?
– Қазақ халқында бала тәрбиесі тал бесіктен басталады деген сөз бар. Асыл дініміз Исламда ата-ананың дүниеге келген сәбиінін алдыңда бірнеше міндеттері бар. Сәби дүниеге келгенде азан шақырып жақсы есім қою, баланы бағып қағу, білім беру, дінін үйрету, ұл баланы ер жеткен соң үйлендіру және қыз баланы бойжеткесін теңіне тұрмысқа беру. Мінеки, ата-ана балаларының алдында осы міндеттерін жақсы атқарса балаларыда өз міндеттерін жақсы біліп өседі. Өйткені халқымызда жақсы сөз бар “Ұяда не көрсең-ұшқанда соны ілесің”деген.
– Бүгінгі таңда белең алып отырған ажырасу, шаңырақ шайқалуы мәселелері белең алуда, діни тұрғыдан қарағанда басты себептерді атап айтсаңыз.
– Әрине, бүгінгі таңда оның бірнеше себептері бар. Бірнешеуін атап айтар болсақ жастардың болашақты үлкендермен санаспай өздерінің шешімдерімен жүруі.
Бұрындары үйіндегі ұлына ата-аналары өздері текті жердің қыздарына құда түстіріп, құйрық-бауыр жесіп, төс қағысып құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық деп салт-санамызбен байланыстырып екі жасты ақ төсекке жатқызбастан діни жоралғымызбен некесің қиып, үлкен ақсақалды абыз қариядан батасын алдырып, көтеріп жатқан шаңырақтарына ақ ниеттерімен алғыс-тілектерін жаудыратын еді.
Бабаларымыздан қалған аталы сөзде қыз бала барған жеріне бақытты боламын деп бармайды, келін болып түскен, ақ босағасың аттаған шаңырақ иелерін бақытты қылдырамың деп барады деген екен.
Мінеки, келін барған жеріне биязылығын көрсетсе, күйеу қызды алған жеріне ілтипаттылығын танытып ата-енелерінің ризалығына бөленіп жатса осы отбасы бақытты болады деп білеміз Құдай қаласа.
Пайғамбарымыздың (С.ғ.у.)-ның мына хадисінде: Ұл баласы ата-анасының разылығын алумен жәннәтқа кірсе, қыз баласы ерінің разы болуымен жәннәтқа кіреді деген екен. Міне жоғарыда айтылған хадиске амал жасап өтер болсақ шаңырағымыз шайқалмай, бақытты отбасы болып, жарасымды ғұмыр кешер едік бір құдайдың мейірімен.
– Өз отбасыңызда ер мен әйел адамның міндеттері мен орыны. Құрмет, ізет көрсету, салт-дәстүр қағидалары қалай көрініс табады.
– Біздің отбасымызда әркім өзінің міндетін жақсы атқаруға тырысамыз. Мына бір пайғамбарымыздың хадисінде (С.ғ.у.) былай дейді: Әркім өзінің қоластындағыларға бақташы деп айтқан екен. Бір сөзбен айтқанда үйдегі жауапкершілікке әркім өз үлесімізді қосып жатамыз. Өйткені шаңырақ бізге ортақ бір ұғым. Осы шаңырақтағы барлық дәстүрімізге сәйкес іс-жоралғымызды да ретімен жүзеге асырып отыруға тырысамыз. Халқымызда әке асқар ала тау болса, шеше сол таудың етегінен ағып жатқан бұлақ, бала айналасында жайқалып өсіп тұрған құрақ демейме. Біздің отбасы осы қағиданы ешқашан әмбе бұзбауға тырысамыз.
– Бүгінгі отбасыларға және отбасың құруға ниеттеніп жүрген жастарға деген тілегіңіз. Отбасыңдағы береке-бірлікті қалай сақтап қалу жайыңда діни тұрғыда кеңесініз.
– Алла тағала отбасылы жаңдарға және отбасы құруға ниет қылып жүрген жастарға бір-біріне деген сүйіспеншілікті, шынайы адалдықты, әділдікті нәсіп етсін деп тілеймін. Шәкәрім атамыз айтқандай «Өмірдің басы бала, ортасы адам, аяғы қарттық, болды ғой үш-ақ ауыз сөзбен болды ғой тәмәм» – дегендей бұл бір қамшының қысқа сабындай бір құдайдың өміріне шүкір қылып. Бір-бірлеріңізге сіз-біз десіп, жақсылықтарыңызды асырып, жаманшылықтарыңызды жасырып, бала-шағаның қызығын көріп, әлі отбасы болмағандарға көруді нәсіп етуді жазсын. Өмірлеріңіз ұзақ, мәні мен сәні келіскен бір құдайдың ізгі пендесінен, пайғамбарымыз (С.ғ.у.)-ның мақтаулы үмбеттерінен болуымызды баршамызға жазсын.
– Алтын уақытыңызды бөліп, сұрақтарымызға шын ниетпен жауап бергеніңізге алғысымызды білдіреміз!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Қарашаның 14 жұлдызында аудандық мәдениет үйінің төрінде «Юбилейный» мәдениет үйінің әншісі Ғалымжан Маутановтың жеке ән…
Об этом рассказал начальник отделения криминальной полиции Мендыкаринского района Александр Желтоножко (далее…)
Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность Владимиру Леонову за активное участие в проведении республиканского референдума по строительству…
Многожанровый фестиваль проходил в областном центре и собрал порядка ста участников (далее…)
Доступ к современным технологиям позволяет мендыкаринским школьникам расширить свои знания (далее…)
Қарашаның 7-ші жұлдызында аудан орталығында орналасқан Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының төрінде ұлағатты ұстаз Қапар…
This website uses cookies.