Тәуелсіз елдің жастары

Ел тірегіне айналған, елеулі мереке қарсаңында ауданымыздың ең үздік жастары марапатталды

Жастар – келешегіміздің негізі, кез-келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Олар біздің тарихымыздың тірегі, ертеңіміздің елеулі еңбектерінің жетекшісі.

Бүгінгі таңда белсенді жастар мен еріктілер қоғамға өз пайдаларын тигізіп, өлшеусіз еңбек етуде. Біздің ауданымызда да жақсылыққа ұмтылып, ауданымыздың гүлденуіне үлес қосып жүрген жастар мен еріктілердің қарасы жетерлік.

Тағы бір жыл, яғни еріктілер жылы өз мәресіне жетті. Осы орайда аудандық Жастар ресурстық орталығы жасаған жұмыстарын таразылап, жеткен жетістіктерін қорытындылады. Жастар саясатын жүзеге асыуына ат салысқан еріктілер мен түрлі салада жақсы нәтиже көрсеткен жастар марапатқа ие болды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жастардың есімдері анықталып, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Алена Дикая жастарға Алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

Аталмыш ұйымның директоры барша жастарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Біздің ауданымызда белсенді жастардың қатары көбейіп, жастар саясатының жүйелі іске асып келе жатқандығын айтып өтті. Ауданымыздағы «Меңдіқара Жастары» және «Жаса» қоры жастар ұйымдарының басшыларына да  зор алғысын білдірді.

Дамир Байсакалов, Антон Сатаев, Әли Кендірбаев, Альфия Митеева, Анастасия Желтоножко, Алексей Козлов, Тамара Поздяева, Нұрлыбек Сейітов сынды жігерлі жастарымыз бұл күнде «үздік» деп танылып Алғыс хаттар мен сый-сияпатқа ие болды.

– Бүгін еңбегіміз еселеніп үлкен марапатқа ие болдық. Еңбегіміздің бағаланып жатқаны әрине біз үшін үлкен қуаныш. Жүйелі жұмыс атқардық. Түрлі акциялар ұйымдастырдық. Еріктілердің күнделікті атқарып жатқан жұмыстары зор.  Мен өз басым аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызмет етемін, қазіргі таңда еріктілер қатарын толықтырдым. Алдағы жылы да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Бізге сенім білдірген жандарға алғысымды білдіремін, – дейді марапат иесі Нұрлыбек Сеитов.

Еңбек еткеннің ешбірі елеусіз қалмайтыны анық. Жас болса да, өз еңбектерін адал атқарып, бүгінгі күнде өз қызметтерінің майталмандарына айналған жастармыздың есімдері анықталды. Дәстүрлі түрде Жастар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілетін Жастар форумы еліміздегі карантинге байланысты өткізілмеді. Дегенмен барлық санитарлық талаптар сақтала отыра, тәуелсіз елдің жастары үлкен қуанышқа кенелді. Бұл күн олар үшін тарихта қалары анық. Бізде барша жастарымыздың қуанышына ортақтасып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

6 дней ago

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

6 дней ago

Меңдіқарада ескерткіш жаңартылып, жаңа спорт алаңы ашылды

Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…

1 неделя ago

С начала года на территории Медыкары произошло 12 пожаров в жилом секторе

Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)

1 неделя ago

В Мендыкаре продолжается работа по очистке населенных пунктов от ветхих и аварийных строений

Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…

2 недели ago

Меңдіқарада ұлттық ойынға деген қызығушылық артып келеді

Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.