Қазақстан халықы үшін маңызы зор, тарихы терең тәуелсіздік күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Іс-шара тұғырлы тәуелсіздігімізді дәріптейтін сахналық қойылыммен және елімізідің Әнұранымен бастау алды.
Сахна төрінен аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлы сөз алып, барша меңдіқаралықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтап мерекелік күннің мән-мағынасын атап өтті. Осы жылдарда жалпы Қазақстанның жеткен жетістіктері мен қол жеткізген жемісіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, әрбір шаңыраққа береке-бірлік, ашық аспан тіледі.
Киелі сахна төрінен аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлы ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген жандарға марапат жасады. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы адал еңбегі үшін Меңдиша Абдулинаға табыс етілді.
Көп жылғы еңбектері үшін және Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімінің грамотасымен әділет майоры, Меңдіқара аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы Нұрбек Алтынбек, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Жасұлан Тұрағұлов, Сосна ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Жеңіс Нұрғожин, аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері Григорий Блохин, Ломоносов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бижамал Ысмағұлова, Меңдіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас мамандары, Балжан Садуева, Саян Ищанов, Буденов орта мектебінің директоры Дулат Дощанов, Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әшім Мұстафин, Жарсуат негізгі мектебінің ұстазы Әлия Сәлімова, Михайлов ауылдық округінің бас маманы Галина Сухинина, аудандық білім бөлімінің есепшілері Наталья Оскирко, Светлана Яценко марапатталды.
Мерекелік концерттік бағдарлама барысында аудандық мәдениет үйінің қазақ ұлттық аспаптар ансамбльі, «Жұлдыз» би тобы, «Березка», «Гармония» вокалдық тобы, «Жастар» тобы, «Ақ әжелер» ансамбльі, өнерлі жастар Полина Ишекова, Иса Мусинов, Достияр Қайдаров және «Балалар хоры» мен мәдениет үйінен құрылған хор, әнші Қарлығаш Құсайынова онер көрсетті.
Туәелсіздік күні-халқымыздың сан ғасырлар бойы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 28 жылда жеткен жетістіктеріміздің айшықты көрінетін сәті деп білеміз. Тұғыры биік Тәуелсіздік күні құтты болғай!
Қымбат НАҒАШЫБАЙ
Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…
Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…
В рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок») в Костанайской области продолжается «Караван правовой…
Для Артема настоящий драйв заключается в запахе бензина, звуке карбюраторного двигателя и аутентичности советской классики.…
This website uses cookies.