Тәуелсіздіктің символы- мемлекеттік рәміздер!

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн.

Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны-дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығының белгісі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік Туы, Елтаңба мен Гимні – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Еліміздің Әнұранын білмейтін жан кемде-кем, ол дегеніміз отанға, туған елге деген шынайы махаббат пен сүйіспеншіліктің көрінісі десек  қателеспейміз.

– Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленеді.

Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе Конституциялық заңда белгіленеді. Бұл мемлекеттік рәміздерге биік мәртебе береді, сондықтан да рәміздерді қастерлеу біздің парызымыз.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу еліміздегі азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Біздер де осы орайда балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелейміз, – дейді Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының жас мамандары Жұлдыз Мергенова мен Еркебұлан Шынтеміров.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

7 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.