Такси – тиімді бизнес

Тамыз айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Аталмыш мереке қарсаңында біздер аудан орталығында халыққа қызмет көрсетіп отырған «Дильназ» таксопаркінің иесі Бейбіт Жолмурзинге жолығып, елімізде орын алған карантин уақытындағы жұмыстарымен таныс болдық.

Бейбіт Әзірханұлы ауданымызға қарасты Көктерек ауылының тумасы, өзінің айтуы бойынша жастайынан еңбекке араласып 17 жасында К-700 тракторын басқарған екен. Міне, содан бері әрдайым көлік рөлінен табылған жан. Техникаға деген ерекше ықыласының арқасында осыдан  үш жыл бұрын жеке кәсіпкер ретінде тұрғындарға такси қызметін ұсынып, ісі өрге басты.

Алғашқы күннен 4 адамды жұмыспен қамтыса, қазіргі уақытта 7 машина тапсырыс қабылдай алады.

«Дильназ» такси орталығы бірнеше айдан бері карантин талаптарына сай  қызмет көрсетуде. Аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында таңғы жеті мен түңгі он екіге дейін жұмыс істейміз.Сондай-ақ, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты сенбі, жексенбі күндері жұмысымызды тоқтатып отырмыз. Такси жүргізушілері санитарлық нормаға сай бетперде, антисептик қолдануда. Күнделікті таңетеңгілік жұмысымызға кіріспес бұрын әр машина дезинфекциядан өткізіледі, іші-сыртын арнайы құрылғылармен залалсыздандырамыз. Өйткені бүгінгі күні тапсырыс берушілердің ішінде сырқаттанып  не болмаса ауыру белгілерімен ауруханаға баратын кісілер де кездесіп жатады. Сондықтан ең алдымен тазалықты өз қадағалауымда ұстап, жүргізіушілердің әрдайым қауіпсіздік шараларын сақтауларын айтып, ескертіп отырамын. Елімізде орын алып отырған мұндай қиын жағдайда біз де жеке кәсіпкер ретінде қолдау білдіру мақсатында алдағы күндері халыққа әсіресе зейнеткерлерге жеңілдік ұсынуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұған дейін де біздің такси орталығымызда 5-ші, 6-шы шақырту тегін деген акциялар болған. Жүру құнын өсірген жоқпыз, бұрынғыдай 350 теңгеге тұрақтап отырмыз. Еліміздегі індеттің жойылып кетуіне біз де өз тарапымыздан қолдау көрсетіп, өзіміз бен өзгенін өмірін сақтауға ат салысудамыз – дейді, Бейбіт Жолмурзин бізбен әңгімесінде.

–  Өз кәсібімнің арқасында бірнеше адамға тұрақты жұмыс беріп отырғаныма ризамын. Осы істі қолға алған күннен отбасым қолдап келеді. Такси орталығын немеремнің құрметіне «Дильназ» деп атадым. Осы жылдар аралығында күйеу балам Дәуіт Ерғалиев те такси қызметінде, бірлесе еңбек етудеміз.

Жолдасым Гүлсім Құрманғалиқызы Первомай орта мектебінің ұстазы, қызым Гүлдана өз алдына жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Сондықтан еңбек қана бәрін жеңбек деген қағиданы ұстанамын. Осы уақытқа дейін бірлесе еңбек етіп келе жатқан «Дильназ» такси орталығының барша қызметкерлерін, жүргізушілерін осы сәтті пайдалана отыра алдағы көлік саласы қызметкерлері күні мерекесімен құттықтаймын! Денсаулық, жол амандығын тілеймін деген ізгі ниетін де білдірді – Бейбіт Әзірханұлы, бізбен тілдесу барысында.

Күнделікті жолда жүрген жүйрік көлік иелерін біз де мерекемен құттықтап, тек ақ жол тілейміз!

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

3 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

3 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

3 недели ago

This website uses cookies.