Тілдері өзге, жүректері бір – Гилязовтар отбасы

Отбасы дегеніміз – ол адамның жылылық пен мейірімге толы киелі бесігі, қасиетті шаңырағы.

Елімізде түрлі ұлттан құралған отбасылар жетерлік. Осындай отбасылардың ынтымағының арқасында Қазақстан халқының бірлігі нығайып, достығы жарасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясында да алдыңғы орынға ұлттар мен ұлыстар достығы қойылып отыр.

Бейбітшілік мерекесі қарсаңында, Меңдіқара ауданында ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерлету мақсатында қос ұлттан жұптасып тату-тәтті өмір сүріп жатқан Вадим мен Дария Гилязовтардың отбасы жайлы сыр шертуді жөн көрдік.

Вадим мен Дария Гилязовтардың шаңырақ көтергендеріне 8 жыл болған екен. Жұмыс барысында басталған таныстық үлкен махаббатқа ұласып, бүгінгі таңда берекесі мен бірлігі жарасқан отбасыға айналды. Екі ұлттан құралған бұл отбасының сыйластығы көп жас отбасыларға үлгі десек артық айтпаған болармыз.

Бұл шаңырақтың отбасы мүшелері қос ұлттың мәдениетіне құрметпен қарап, салты мен дәстүрін бағалайды. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген ұғымды отбасы мүшелері қатаң ұстанып, сыйластық пен татулықты бірінші орынға қояды. Шаңырақтың отағасы Вадим Камшат Дөненбаева атындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжінде денешынықтыру пәнінен сабақ берсе,  отанасы Дария Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі.  Қос жұп ауданымыздағы  білім саласының дамуы мен шәкірт тәрбиелеу жолына айрықша үлес қосуда.

-Ешқашан қазақ, башқұрт деп бөлінген емеспіз. Керісінше екі ұлттың дәстүрін сақтай отыра, ынтымағымызды арттырып келеміз. Жұмыс барысында бастау алған сезіміміз үлкен отбасыға айналды. Еңбек жолында да бір саласада қызмет жасағандықтан, үйде де, жұмыста да бір-бірімізге демеу  болып, барынша қолдау көрсетудеміз. Мереке сайын қос ұлттың ұлттық тағамдарын дайындап, дастарханды молынан жайғанды ұнатамын. Бала кезден басқа ұлт өкілдерінің дәстүрін, ұлттық тағамдарын біліп өстім. Сол себепті де болар, алғаш тұрмыс құрған жылдары дәстүр жағынан еш қиындық болмады. Бүгінде қос ұлттың салт-дәстүрін бірдей ұстанамыз. Соның ішінде наурыз, ораза, пасха, айт барлығын бірдей ұстанамыз. Біздің отбасымызда ұлтқа бөлінбейді. Тіліміз басқа болғанымен, жүрегіміз бір, – дейді Дария Гилязова

Бүгінгі күнге дейін өмірдің қызығы мен қиындығын бірге көріп келе жатқан Вадим мен Дария Гилязовтардың Радмир мен Тахир атты ұлдары бар. Радмир 2 сынып оқушысы болса, Тахир балабақша тәрбиеленушісі. Ата-ананың басты қуанышы баласының бой жетіп, жетістікке жетуі екені белгілі. Радмир мен Тахир болса жақсы оқу нәтижелерімен ата-анасына қуаныш сыйлауда. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жанар» демекші, қос ұлдары әкесінің де анасының қолқанаты көрінеді.

Бұл отбасының ұйымшылдығы, татулығы, бірлігі жетістікке жетелейтіндей. Қос ұлттың мәдениетін, ұлттық нақышын танып құрметпен қараған Гилязовтар жанұясының және бейбіт елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы арта берсін деген тілегімізді білдіреміз.

Ақжан Байтұрсынова

Редактор

Recent Posts

46 мендыкаринских ребят проходят срочную воинскую службу в рядах Вооруженных силах РК

С началом призывной кампании 17 марта, еще четверо мендыкаринцев пополнили ряды защитников Отечества. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқара ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жағдай тұрақты

Көктем мезгілінің жақындауына байланысты су тасқыны қаупі жыл сайын өзекті мәселелердің бірі болып табылады. (далее…)

1 неделя ago

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

3 недели ago

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

3 недели ago

Власти и жители Мендыкаринского района в борьбе по недопущению паводка

Совместными усилиями проводится работа по вывозу снега, расчистке улиц и отвода воды от жилых домов.…

3 недели ago

Елена Карповна Ткаченко, из Мендыкары в свои 96 лет не упускает возможность сделать свой выбор во благо будущего страны

В Мендыкаринском районе Елена Карповна личность известная 96-летняя мендыкаринка оставила большой след в истории района.…

4 недели ago

This website uses cookies.