Тілді құрметеу – ұлтты құрметтеу

Тіл – қазақтың жаны… «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп Қадір Мырза-Әлі ақын ағамыз тектен тек айтпаған болар.

Тіл мамандарының айтулары бойынша әлемде жылына ондаған тіл жойылып отыратын көрінеді. 2100 жылға дейін, қазіргі қолданыстағы дүние жүзіндегі тілдердің жартысы – яғни, 3500 жуығы мүлде жойылып кетпекші. Тілдің жоғалуы – ұлттың жоғалуы.

Тіл жоғалуының себептері көп. Соның бірі – сол ұлт өкілінің өз тіліне жаны ашымағандығы, өзге тілді дәріптеп, өз тілін қор тұтқаны.

Қазақ тілі өте бай тіл. Оны дұрыс пайдалана алмауымызға кінәлі өзіміз. Өз тіліңді құрметтеме, өзге тіл халықаралық тілде сөйле деп қазір ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Керісінше, тілге қатысты Еуропалық хартия қабылданғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Хартияға сәйкес, әлемде көшбасшы саналатын тілдердің монополиясына жол беруге болмайды делінген. Әр мемлекет өзінің ана тілін ғылым тілі деңгейіне жеткізуге құқылы. Ақпанның 21  ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық ана тілі күні» аталып өтіледі.

Елімізде латын әліпбиіне көшу қажеттілігінің бір себебі осында болса керек. Әлемнің ең дамыған 20 елінің 18-і латын әліпбиін қолданады. Жаңа технологияның, білім мен ғылымның басым бөлігі осы әліпбиде жасалады.

Президент Қасым – Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту мәселесін әрдайым еске салып отырады. Өзі де мемлекеттік тілдің пайдалануының үлгісін көрсетуде.

«Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағдысына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.  Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.

Ал қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек.

Кезінде Сәкен Сейфуллин Қазақстан үкіметінің басында отырғанда, қазақ тілін мемлекеттік тіл етуге тырысты. «Қазақтың тілі мемлекеттік тіл, кеңсе тілі болуы керек, барлық құжат сол тілде жазылсын» дегенді айтты. 1923 жылы 22 қарашада кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жөнінде Қазақстан орталық атқару комитеті шешім қабылдады. Ал, 1925 жылдың сәуірінде өткен советтердің V съезінде «киргиз» деген атаудан құтылып, «қазақ» деген өзінің киелі атына қайтты. Бұл шешімді шығаруда алаш қайраткері Сұлтанбек Қожановтың еңбегі айрықша.

Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысы да болса тіл жанашырлары болды. Ол түсінікті де. Өйткені, тіл тағдыры, ұлт тағдыры – бір ұғым. Олар ұлтын сүйген нағыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» дарын иелері еді. Олар ана тілді қазақтың жаны деп, онсыз өмір сүруге болмайды деп қайталаудан жалыққан емес. Тіл туралы айтқандарын еске түсірсек: «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды» – Әлихан Бөкейхан.

«Дүниежүзілік мәдениетке ана тілі арқылы барамыз» – Темірбек Жүргенов, «Ұлттық рухтың негізі – ұлттың тілі», – Мұстафа Шоқай, «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесе бұл – сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесе бұл – күйініш» – Халал Досмұхамедов, «Ақша беріп, менің тілімді үйрен деу дұрыс емес, басқа қажеттілікті туғызу керек. Сонда ол өзі ақша төлеп үйренеді» – Нұртас Оңдасынов.

Бір замандарда қазақ өз елінде қоғамдық орындарда ана тілінде бір – бірімен сөйлесуге бата алмайтын. Кейбір ағайындар «Бізді жамандап жатырсыңдар, орысша сөйлеңдер» деп ұрсып тастайтын. Мағжан Жұмабаев осы жағдайды «Қызыл тіл кісендеген заман келді» десе, Әлихан Бөкейхан: «Түзу қалам – қисайған, өткір қалам мүжілген» деп атаған. Елбасымыз             Н. Назарбаев: «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлесіңдер» деп қанша айтсада, «Еттен өтіп, сүйегімізге жетіп қалған әдет, дағдыдан әлі арыла қойған жоқпыз. Жастарды айтпағанда, ақсақал, қарасақал біздің өзіміз қалай бөтен тілде сөйлеп кеткенімізді білмей қаламыз. Күлкіге айналдырамыз. Бірақ бұл күлетін жай емес. «Құл қожайын тілінде сөйлейді» дегеннің кері. Н. Маккавеллидің даналық сөзінде: «Ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан айрылып, жалтақ, көнгіш, тілалғыш, жағымпаз болады. Мұндай ел кездейсоқ жағдайда тәуелсіздікке қол жеткізсе, ол еркіндікті де пайдалана алмайды» делінген. Осы жағдай бізде қалыптасты дегенге сенгің келмейді. Біз бұлай болуға тиісті емес едік қой. Өйткені, немістің әйгілі түркітанушысы        В. Радлов: «Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің мол екеніне барған сайын көзім жете түсуде. Қандай әдемі сөйлейді. Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл – есі де өте тез жетіледі». Бұл бізге берген 19 ғасырдағы баға. Осы арада бір мысал келтіріп кетсем деймін. Осыдан бір ғасырдан артық бұрын Әлімхан Ерменов – алаш қайраткері кейін, математика ғылымының қазақстан шыққан тұңғыш профессоры, міне осы кісі – Омскіде, гимназияда оқып жүріп, бір орыс полковнигінің баласына латын тілінен, математикадан сабақ берген көрінеді, бүгінше айтсақ репититор болған. Осыны көрген бір орыс шенеунігі «қалайша қазақ баласы орыс баласын оқыта алады» деп таңдана намыстаныпты.

Баспасөз бетінде, әлеуметтік желіде де қазақ тілінің мәселесі жиі көтеріліп жүр. Кейбір тіл жанашырлары қол жинап, тіл туралы заңға өзгерістер қажет деп дәлелдеуде. Негізсіз де емес. Тілдің қолданыстан шығуы – шоғырланудың басты белгісі деп, ақын-жазушыларымыз, ғалымдарымыз шырылдауда. Қазақтың арыс ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытов айтқандай:

«Ақын елінің тілі ғой,

адал туған ұлы ғой,

бүлк-бүлк еткен жаны ғой,

жанын жеген ары ғой,

айта алмай жүрген зары ғой!» – демекші, көрініп тұрған кемшілікті ақын, зиялы қауым айтпағанда, кім айтады? Сырт ағайын сыншыл, олардың да айтқанын еске алмай болмайды. АҚШ Вискония университетінің профессоры Кацил Карнет айтады: «Қазақты ұлт ретінде сақтау түрікті сақтау деген сөз. Өйткені, ең таза түрік –  қазақтар. Қазақ тілі де – ең таза түркі тілі. Түркі тегінің тамыры да осында… Мен американдық түрікпін» – дейді.

Тіл мәселесі бұдан бірнеше мың жыл бұрын да өзекті болса керек. Тіл туралы ежелгі қытай философы Канфуций: «Егерде маған мемлекет басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі, тіл бірлігі болмаса пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, артық түсіністік таппаған елде бірлігі болмайды. Сондықтан бәрінен бұрын адамдар арасында бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» – деген екен. Қазақтың «Бірлік түбі – тірлік» дегенімен үйлесіп жатқан жоқ па?

Олай болса, тіліміз дамысын десек, жанұядан бастап, бала бақша, мектеп қабырғасында қазақ тілінің сапалы оқылуына мән берілуі керек. Тек қазақ тілі пәні емес, басқа да гуманитарлық пәндер тарих, география, тағы да басқа қазақ тілінде жүргізілуі керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің бұйрығы бар. Дегенмен, сөз бір басқа, іс бір басқа…

Қазақ мектебін бітіргендердің өздері жоғары оқу орындарында орысша оқиды, ана тілін ұмытады, не қолданыстан шығарады. Жоғары оқу орындары, колледждердің 80-85% қазақ тіліне көшірсе, бұл мәселе ойдағыдай шешілер еді…

Қазірдің өзінде басқа ұлттың балалары қазақ балабақшасына барып, қазақ мектептерінде оқып жатқандар бар. Оқу орындарын қазақша бітіріп, қазақ тілі мұғалімі болып жатқандар бар, сүйсінерлік іс. Алла Чечеткина дейтін орыс қызы (Қостанай облысынан) Қазақстан халқы Ассамблеясының жиынында   Н.Ә. Назарбаевтың алдында қазақша сөз сөйлеп, соңында орысша; «Я требую уважения к казахскому языку» деген жоқ па!? Ендеше қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді құрметтейік ағайын. Тілге құрмет – елге құрмет!

Меңдіқара ауданының ардагерлер кеңесі төрағасы Есет Көбеков

Редактор

Recent Posts

Дорожники приступили к ремонту одной из основных улиц в селе Боровское раньше срока

ТОО «АБЗ плюс» будет производить замену дорожного полотна еще на двух улицах районного центра: Ауэзова…

4 дня ago

Замор рыбы произошел на одном из водоемов села Боровское Мендыкаринского района

Массовую гибель рыбы можно было наблюдать на берегу озера Зоново, которое находится в самом центре…

5 дней ago

В Мендыкаринском районе разрушен подъезд к мосту

За весь период паводка благодаря оперативным действиям МИО обошлось без жертв и причинения имущественного ущерба…

2 недели ago

В   Мендыкаринском районе ожидается средний ремонт 21 улицы

На эти нужды выделена сумма в 1 млрд 174 млн тенге. (далее…)

2 недели ago

Максим Жалмагамбетов: «Зайнутдинов способен заиграть в чемпионате Италии»

Бахтиер Зайнутдинов на данный момент является лидером и самым дорогим игроком сборной Казахстана по футболу.…

3 недели ago

В КФФ раскрыли подробности будущего Адиева

Главный тренер сборной Казахстана Магомед Адиев возглавил клуб РПЛ «Ахмат» 5 апреля 2024 года. (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.