Әр балаға ерекше махаббатпен

Медицина қызметкерлерінің күні – бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн.

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.

Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын да осы мамандық иелері. Осынау атаулы мереке қарсаңында аудандық аурухананың балалар бөлімінің дәрігерлері мен медбикелерінің ерекше еңбегі мен қажырлы қызметтері жайында айтуды  жөн көрдік.

Аудандық балалар бөлімінде білікті балалар дәрігері Марина Шмидт, Кристина Койбичук талай жылдардан бері денсаулық саласына қызмет етіп келеді. Бір қызығы, баламен жұмыс істейтін мамандардың бойынан балаға тән қасиеттерді аңғаруға болады. Бала дәрігері де солай. Алдына ауырып келген баланы құшақтап, еркелетіп, аялап отырып қарайтын ақ халатты абзал жан  Марина Анатольевна мен Кристина Петровнаның жүзінен де әрдайым жылылық есіп тұрады.

Осы бөлімнің балалар дәрігерлегімен бірлесе қызмет етіп, өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып келе жатқан медбикелер Любовь Пышкина, Гүлнар Қабдрахметова, Ұлбосын Сералина, Эльвира Бойко және кіші медицина қызметкерлері Эльмира Какимжанова, Алена Нартова.

– Мен 25 жыл бойы осы бөлімде Марина Анатольевна, Кристина Петровнамен бірге бір кабинетте жұмыс істе­п келемін, – дейді медбике Ұлбосын Сералина. Осын­дай жайлы, жүрегі жы­лы адам­мен қызметтес екенім­ді мақтанышпен айтып жүремін. Нағыз бала дәрі­гері осындай болуы керек шығар, баланы еркелетіп, көңілін аулап отырып денсаулығын тексереді. Әр балаға ерекше махаббатпен, мейіріммен қарайды,- деді.

Жалпы, медицина – жауап­кер­­шілігі мол, жүгі ауыр сала­лардың бірі. Сондықтан кез кел­ген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екендігін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз сала­сында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруді қашан да алға қояды. Адал еңбегінің арқасында елдің алғысына бөленіп жүрген барша медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ел игілігі саласында жасап жатқан еңбектері жемісті болғай дейміз.

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

4 дня ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

6 дней ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.