Тоқу өнерін ұршықша үйірген ісмер – Райхан Аманжолованың өнері жайлы

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі түрі. Бұл тамаша өнер қазіргі таңда жалғасын тауып, дамып келеді

Бүгінгі әңгімемізге арқау болған кейіпкеріміз тоқыма тоқудың қас шебері. Бала күнінен тоқыма тоқумен айналысқан Райхан Аманжолова бүгінде кәнігі ісмерге айналды. Оның қолынан шыққан туындылары көздің жауын алады.

«Ана көрген тон пішер» демекші, Райхан тоқыма тоқуды анасы Әлия апайдан үйренген көрінеді. Бүгінде тоқыма тоқудың сан саласын жақсы меңгерген ісмерге үшінші сынып оқып жүрген кезінде, анасы шұлық, қолғап тоқуды үйреткен екен. Алғашқы тоқыған тоқымалары әлі есінде. Кейіпкеріміз бүгінде қолғап пен шұлыққа тоқталмай, түрлі күртешелер, бас киімдер тоқумен айналысады.

– Бала күнімде анамнан үйренген өнерім, бүгінде сүйікті ісіме айналды. Кішкентай күнімнен бұл іске аса қызығушылық таныттым. Бойжеткен шағымда іздене бастадым. Ол кезде бүгінгі күндегідей ғаламтор қатты дамымаған еді. Газет, журналдардан тоқудың жолдарын іздеп үйренген кездерім де болды. Туысқаным нәрестелі болып, жаңа туған сәбиге арнайы сыйлық ретінде күртеше, бас, киім, балаға арналған қолғапты өз қолыммен тоқып, анашым сыйлыққа тарту етті. Үлкен еңбекпен жасалған дүниені жас нәрестеге сыйлыққа табыстау мен үшін үлкен қуаныш болды. Ал бүгінде үйренемін деген адамға мүмкіндік бар. Мен керектінің барлығын ғаламтордан оқып, үйреніп келемін. Қолымнан шыққан туындыны ақшаға сатпай, сыйлық ретінде табыстағанды жөн санаймын. Өнерім өзіме қатты ұнайды және бүгінде бұл іссіз өзімді елестете алмаймын,-дейді қолөнер шебері.

Оның жасаған бұйымдарына қарап, өнері мен қиялында шек жоқ екеннін аңғаруға болады. Заманауи үлгіде тоқылған киім-кешекке қарап, үлкен ыждаһаттылық, мұқияттылық, еңбектің арқасы екендігін байқай аласың. Он саусағынан өнері тамған жас келіншек қолы қалт етсе ілгегі мен білтегішін алып, оюлатып тоқыма тоқумен айналысады. Көңілі қалаған керек затын қол өнермен ұштастырып, өнерінің парқын арттырып отыр.

«Шебердің қолы ортақ» деген мақалымызда ел арасында бекер айтылмаса керек. Өнерімен танылған Райхан туған-туыс, көрші-көлем, артынан ерген кішкентай сіңлілеріне арнап, тоқыма тоқудан шаршаған емес. Керісінше өзінің жасаған жұмысынан ләззат алып, аса қуанышпен орындайды. Ол үшін басты мақсат – жұмысының нәтижесі мен жақындарының ризашылығы.

– Жақындарымның алғысына бөлену мен үшін үлкен мәртебе. Еңбекті ақшаға сату мүмкін емес. Бұл менің сүйікті ісім, менің жасаған еңбегімді бағалап, алғыс айтқан уақытта мен жігерлене түсемін, тоқыма тоқу өнеріне деген қызығушылығым арта бастайды. Алдағы күнде үйренерім көп. Ең бастысы мақсат қоя білуіміз керек ,- деді шебер.

Қол өнердің құндылығын сақтап, тоқыма өнерінің тілін тапқан Райхан, бір үйдің отынын түтеткен аяулы жар, асыл ана. Қос перзентіне жақсы тәрбие беріп, аналық мейірімін сыйлауда. Басты орынға әркез отбасының берексін қойған Райхан бірлікпен тірлік етуді жақсы біледі. Болашақта кішкентай қызы өнерін жалғап, нағыз ісмер атанса деген арманы бар. Біз Райханның арманының орындалуына тілектеспіз.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

Глава Мендыкаринского района Габит Бекбаев провел отчетную встречу с населением Первомайского сельского округа и села Боровское

Аким района проинформировал жителей о социально-экономическом развитии района за текущий год. Вместе с ним держали…

2 недели ago

С начала года в Мендыкаринском районе зарегистрировано 10 случаев интернет-мошенничества

Общая сумма ущерба, нанесенного мошенниками жителям района за текущий год, превысила 22 миллиона тенге. (далее…)

2 недели ago

Сотрудники полиции Мендыкаринского райлна в рамках ОПМ «Пиротехника»  проводят рейдовые мероприятия по торговым точкам

Данные мероприятия проводятся с целью незаконного оборота пиротехнической продукции на территории Мендыкаринского района. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара аудандық Мансап орталығының жұмыс қорытындысы жайлы сұхбат жүргізген болатынбыз

Бүгінгі таңда еңбек нарығын цифрландыру, Мансап орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті…

2 недели ago

В селе Тенизовское Мендыкаринского района предстоит большая работа по устранению накопившихся проблем

Отсутствие промышленности, сотрудника почты, пастбищ, малое количество школьников, плачевное состояние дорог - и это далеко…

2 недели ago

This website uses cookies.