«Кезекші сыныптар» қалай жұмыс істеуде?

– Әр сынып үшін сабақ бір кабинетте өткізілгенімен, үзіліс әр түрлі уақытта беріледі, -дейді біз жолыққан Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясының директоры Нұргүл Утеулина.

1 қыркүйекте жаңа оқу жылында меңдіқаралық мектеп оқушылары үшін де  сабақ қашықтан оқыту форматында басталды.

Бұл ретте қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмысы да басталып кетті.

Нұргүл Жұмаділқызы бізге  жаңа оқу жылында «кезекші сыныптар» қалай жасақталғаны мен оқу процесінің ұйымдастырылуы жайында толық мәлімет берді. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, «кезекші сыныптар» ашылды. Біздің мектебіміз 1-4 сынып аралығындағы 98 оқушыны ата-ана өтініші бойынша 100 пайыз қамтып отыр. Оның сыртында бір топ даярлық сыныбы және бір топ шағын орталық өз жұмысын жалғастырып отыр.  Әр топта оқушы саны 15-тен аспайды. Сабақтар бір кабинетте өткізіліп, үзіліс әр түрлі уақытта болады. Сонымен қатар, сабақтардың бір бөлігі қашықтықтан жүргізіледі», – деді Нұргүл Жұмаділқызы.

Мектеп директорының  айтуынша бұл ретте барлық санитарлық талаптарды сақтау – басты міндеттердің бірі. Санитарлық нормаларды сақтау үшін мектеп дезинфекциялау құралдарымен, сенсор термометр, қорғаныс құралымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ,  кезекші сыныптардың жұмысы үшін ата – аналар балаларды «кезекші сыныптарға» әкеледі, бірақ ғимаратқа кірмейді. Сақтық шараларын қамтамасыз ету барысында мектептің кіреберісіне дезинфекциялық кілемше төселінген. Мектепке кірер кезде температурасын өлшету,  қолды антисектикпен өңдеу және масканың болуы әр оқушыға міндеттеледі. Барлық қабаттарда және әрбір «кезекші сыныпта» санитайзер орнатылған, сыныпты желдету, кварцтау және жуу кестесі бар екенін және  қызыл сызықпен белгіленген ара қашықтықты сақтау шаралары да қарастырылғанын айтты.

Санитарлық талаптарға сай білім ошағына ата-аналарда балаларын еш алаңсыз жіберіп отырғандықтарын айтты.

Қымбат Нағашыбай

фото түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Из педагогов – в автомеханики: житель Боровского Азат Байманов сменил профессию и нашел в этом свое призвание

Азат Байманов, проработав 17 лет учителем физической культуры и спорта, принял решение кардинально сменить сферу…

5 дней ago

На месте заброшенного лагеря «Солнечный» в Мендыкаринском районе построят новую базу отдыха

На территории бывшего пионерского лагеря планируют создать современный круглогодичный центр отдыха для детей и семейного…

1 неделя ago

Многодетная семья из села Харьковское Мендыкаринского района получила ключи от нового дома

Этот значимый подарок для Нурдаулета Чажабаева и Альфии Рахметовой, воспитывающих пятерых детей, стал возможен благодаря…

2 недели ago

Меңдіқара ауданында Жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсетіп келеді.…

3 недели ago

В Боровском установили арт-объект в виде книги у входа в центральную районную библиотеку

Всю эту красоту - от идеи до воплощения - новый руководитель библиотечной системы Кайыржан Тлесбаев…

4 недели ago

Меңдіқара ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында «Менің аулам – менің бағым» облыстық жобасы жүзеге…

4 недели ago

This website uses cookies.