Жақсылардың игі бастамасымен Архипов орта мектебінде  IT технологиялар кабинеті ашылды

IT кабинеттерін ашу – оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ

Ел Президентінің азаматтық технологияларды дамытуға арналған тапсырмаларын іске асыру аясында Михайлов ауылдық округіне қарасты Архипов орта мектебінде желтоқсан айының жиырма үші күні  заманауи технологиямен жабдықталған IT кабинеті ашылды. Шәкірттерге қуаныш сыйлауға «Заря» АҚ-ның Президенті Александр Климко мұрындық болып, жаңа жыл қарсаңында аталмыш мектеп ұжымы мен барша шәкірттерді қуанышқа бөледі.

IT технологиялар кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашпақ. Аталмыш кабинет бүгінгі күннің талабына сай компьютер, интернет желісі, LEGO конструктор   және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бұл игі бастама, технологияны игеруге қызығушылығы мен икемі бар жас балғындардың мүмкіндігін арттыруы үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

Кабинеттің ашылу салтанатына Меңдіқара ауданының әкімі Нұрлан Қатарбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов және мектеп ұжымы қатысты. Аудан басшысы жиында алғаш болып сөз алып, ұстаздар мен оқушыларды үлкен қуаныштарымен құттықтады. Алдағы күнге жаңа табыс тіледі. Демеушілік көрсеткен абзал жанға үлкен алғысын білдіріп, барша қауымды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Шара барысында мектеп ұжымы мен жас өрендердің жеткен жетістіктері жайлы айтылып, жас балғындар өз өнерлерін ортаға салды. Ұстаздар мен оқушылардың  жүздерінен қуаныш ұшқыны байқалды.

Мектепке демеушілік көрсетіп, елдің ризашылығына бөленген «Заря» АҚ-ның Президенті Александр Климко көрсетілген көмек, жас буынның ертеңі үшін жасалған іс екендігін айтып өтті.

– Шәкірттердің білімді азамат болып қалыптасуы, біздің қолымызда. Олар жаңа мүмкіндіктерге ие болып, заманға сай білім алуы керек. Мен оқушыларға мол сенім артамын және  жаңа кабинетте өз білімдерін жетілдіріп, жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектеспін. Жаңа бастамалар, жобалар көбірек болсын. Шәкірттеріміз жақсы  қырынан танылып, ауданымыздың атын асқақтата берсін, – деді ел жанашыры Александр Петрович.

Салтанатты жиын  соңында түрлі байқаулар мен іс-шараларда бақтарын сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізген Архипов орта мектебінің оқушылары Дарья Дементьева, Даяна Бут және Алексей Багнюк аудан әкімінің сыйлықтарымен марапатталды.  Білімді шәкірттердің қуаныштары еселеніп, жақсы жандарға шексіз алғыстарын білдірді.

Тұрсынай Мұхтарқызы

Редактор

Recent Posts

В Боровской школе-гимназии им.Г.Жумабаева имелся факт работы кухонного работника с подозрением на туберкулез

Об этом корреспондентам районной газеты «Меңдіқара үні» стало известно от родителей, чьи дети учатся в…

4 дня ago

Для паводковых мероприятий из местного бюджета Мендыкаринского района в 2026 году выделено около пяти миллионов тенге

Спасатели района уверены: заблаговременная подготовка - ключ к успешному противостоянию стихии. (далее…)

6 дней ago

Мендыкаринец Никита Романов гармонично совмещает государственную службу и творчество через объектив смартфона

Заниматься мобилографией Никита начал в 2024 году, когда пришел работать на государственную службу. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының тілдерді оқыту орталығында «Үздік оқытушы – 2026» байқауы ұйымдастырылды

Байқауға орталықтың сегіз оқытушысы қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. (далее…)

2 недели ago

Меңдіқара ауданының жас спортшысы Олеся Костина республикалық жарысқа жолдама алды

Ауқымды спорттық шараға облыстың 18 командасынан барлығы 246 жас шаңғышы қатысып, өзара бақ сыңасты. (далее…)

2 недели ago

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.