IT кабинеттерін ашу – оқушылардың дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ
Ел Президентінің азаматтық технологияларды дамытуға арналған тапсырмаларын іске асыру аясында Михайлов ауылдық округіне қарасты Архипов орта мектебінде желтоқсан айының жиырма үші күні заманауи технологиямен жабдықталған IT кабинеті ашылды. Шәкірттерге қуаныш сыйлауға «Заря» АҚ-ның Президенті Александр Климко мұрындық болып, жаңа жыл қарсаңында аталмыш мектеп ұжымы мен барша шәкірттерді қуанышқа бөледі.
IT технологиялар кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашпақ. Аталмыш кабинет бүгінгі күннің талабына сай компьютер, интернет желісі, LEGO конструктор және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бұл игі бастама, технологияны игеруге қызығушылығы мен икемі бар жас балғындардың мүмкіндігін арттыруы үшін үлкен мүмкіндік болмақ.
Кабинеттің ашылу салтанатына Меңдіқара ауданының әкімі Нұрлан Қатарбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов және мектеп ұжымы қатысты. Аудан басшысы жиында алғаш болып сөз алып, ұстаздар мен оқушыларды үлкен қуаныштарымен құттықтады. Алдағы күнге жаңа табыс тіледі. Демеушілік көрсеткен абзал жанға үлкен алғысын білдіріп, барша қауымды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Шара барысында мектеп ұжымы мен жас өрендердің жеткен жетістіктері жайлы айтылып, жас балғындар өз өнерлерін ортаға салды. Ұстаздар мен оқушылардың жүздерінен қуаныш ұшқыны байқалды.
Мектепке демеушілік көрсетіп, елдің ризашылығына бөленген «Заря» АҚ-ның Президенті Александр Климко көрсетілген көмек, жас буынның ертеңі үшін жасалған іс екендігін айтып өтті.
– Шәкірттердің білімді азамат болып қалыптасуы, біздің қолымызда. Олар жаңа мүмкіндіктерге ие болып, заманға сай білім алуы керек. Мен оқушыларға мол сенім артамын және жаңа кабинетте өз білімдерін жетілдіріп, жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектеспін. Жаңа бастамалар, жобалар көбірек болсын. Шәкірттеріміз жақсы қырынан танылып, ауданымыздың атын асқақтата берсін, – деді ел жанашыры Александр Петрович.
Салтанатты жиын соңында түрлі байқаулар мен іс-шараларда бақтарын сынап, жоғары нәтижеге қол жеткізген Архипов орта мектебінің оқушылары Дарья Дементьева, Даяна Бут және Алексей Багнюк аудан әкімінің сыйлықтарымен марапатталды. Білімді шәкірттердің қуаныштары еселеніп, жақсы жандарға шексіз алғыстарын білдірді.
Тұрсынай Мұхтарқызы
Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…
Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…
Қаратал ауылында ел тарихына тағзым етіп, өскелең ұрпаққа жағдай жасауға бағытталған қос нысан ел игілігіне…
Несмотря на активную профилактическую работу, статистика показывает, что не все жители осознают серьезность угрозы. (далее…)
Ликвидация «заброшек» - это не просто вопрос эстетики, а важный шаг в реализации экологической программы…
Меңдіқара ауданында асық ату мен бес асық спорты қарқынды дамып келеді. (далее…)
This website uses cookies.