Жақыныңа жанашыр бол!

Алланың атымен бастаймын!

«Сақтансаң-сақтаймын» демекші, әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлылық таныту-өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері хақ.

Ардақты ағайын, құрметті бауырлар. Елімізде вирустық індеттің өршіп тұрғаны өздеріңізге мәлім. Індет жұқтырған адамдардың саны көбейіп тұр, қаза тапқандардың да саны аз емес. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде жүргізіліп жатқан карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, індеттің алдын-алу мақсатында ел азаматтарын жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты төмендегі талаптарды орындауға және дін қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырады:

1-Мәйітті жууды, кебіндеуді жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізуге.

2-Жаназа намазына, жерлеу ісіне қатысатын адамдарға бетперде тағуға, қол алысып амандаспауға.

3-Жаназа намазын ұзағымен 5-минут ішінде өткізуге, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтаруға.

4-Зейнет жастағы кісілерге, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға жаназа намазына қатыспауға.

5-Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға.

Шариғат бойынша жаназа намазын жамағат болып оқу міндет емес (Фәтәуә һиндия,1/223).Жаназаны үш қатар оқу-мұстахап. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш қатар жамағатпен жаназа намазы оқылған мұсылман мәйіттің күнәсі кешіріледі»-деген (имам Термизи).Үш қатар жеті адаммен де құрылады, яғни ең алдында имам, үшеуі бірінші қатарда, екеуі екінші қатарда және біреуі артында тұрады (Фәтәуә Татархания,1/611).

Жаназа намазын қоғамдық орындарда өткізбеуге, өйткені адам жүретін жолда жаназа намазын оқу-мәкрух. Жаназа намазын арнайы орында оқыған дұрыс (Фәтәуә һиндия,1/226).

Қабір басын көтеру, кесене салу және оны қоршау жұмыстарын тоқтатып, марқұмның басына белгі қоюмен шектелуге. Шариғатта қабірді жоғалтып алмау мақсатында үстіне белгі (құлпытас,ағаш) қойып, марқұмның аты-жөнін жазып қоюға  рұқсат беріледі (Хашияту ибн Абидин,2/236). Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің сүт бауыры Осман ибн Мазғунды жерлеп болған соң, оңай тауып алу мақсатында бір тасты көтеріп әкеліп, белгі үшін бас жағына қойған (имам Әбу Дәуіт). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірді көтеруге, үстіне отыруға және құрылыс салуға тыйым салған (имам Муслим).

Халықты жинап қонақ асын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтатуды сұраймыз.

Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің имамы Қошан Еркебұлан Жаңбырбайұлы.

Редактор

Recent Posts

В Мендыкаринском районе случаев заболевания корью не зарегистрировано

Об этом корреспондентам районной газеты рассказал главный санитарный врач Мендыкаринского района Ералы Смагулов. (далее…)

3 часа ago

Меңдіқара ауданында еріктілер «Қарлы десант» акциясы аясында көмек көрсетті

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер штабы жыл сайын қыс мезгілінде дәстүрлі…

3 часа ago

Меңдіқара ауданының спортшылары Қостанай облысының чемпионатында топ жарды

Ұзынкөл ауданында 2010-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асық спортынан Қостанай облысының…

1 день ago

Меңдіқара ауданында Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

13 ақпан күні аудан тұрғындары мен Ауған соғысының ардагерлері Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл…

1 неделя ago

Коммунальные службы Мендыкаринского района продолжают работу по расчистке и вывоза снега

Все спецслужбы района с начала текущего года выполняют свои обязанности в полной мере. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.